Қуатты елдің ордасы
06.07.2018
794
0

Бердібек САПАРБАЕВ,
Ақтөбе облысының әкімі


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Ақмолаға ауыстыру жөнінде шешім қабылдағанда оған қарсы болмаған адам аз. Тіпті үндемегендердің өзі іштей наразы еді. Өйткені, экономикалық байланыстар бырт-бырт үзіліп, күнкөрістің өзі мұңға айналған шақта астана ауыстыру туралы ой ешкімнің миына сыймайтын. Бірақ тарихты көпшілік емес, бүгінгісін ғана ойлап қоймай, алыс көкжиекке көз тіге алатын жеке тұлғалар жасайды. Елбасының орасан зор саяси ерік-жігерінің арқасында ерке Есілдің жағасында әлемдік сәулет өнерінің ең үздік үлгілері үйлесім тапқан әдемі шаһар пайда болды. Бұл біріншіден, мемлекетіміздің іргесін бекітті, екіншіден, елордамыз тоғыз жолдың торабында орналасып, барша облыстардың экономикалық жағынан дамуына жол ашты. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деген халық даналығының түп-төркіні, міне, осында жатыр.

Біздің елордамыз – жаңа мыңжылдықтың тұңғыш астанасы! ЕҚЫҰ-ның жаңа мың­жыл­дықтағы алғашқы саммиті де Астанада өт­ті. Әлемдегі дәстүрлі діндердің көш­бас­шы­лары да Есілдің жағасында бас қосып, пла­не­­тамыздың болашағын жиі талқылайды. ЭКСПО секілді сүйекті шараның да осында өт­кізілуі тегін емес. Демек, Астана әлемдік дең­гейдегі ірі саяси, экономикалық, мәдени ор­талыққа айналды.
Астана – Қазақстанның ширек ғасырда ең­се тіктеп, ел болғандығының, қуатты мем­ле­кетке айналғандығының көрінісі. Мынадай әдемі қаланы экономикасы мықты ел ғана сала алады.
Астана – Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың төл перзенті. Оның әрбір көшесінде, тіпті әрбір кірпішінде Мемлекет бас­шы­сы­ның қолының табы бар. Жер бетіндегі әрбір қа­зақ арқа сүйейтін мемлекет құрып, мәр­те­бе­мізді биіктеткен, Есілдің жағасына жағалай ел тол­тырып, құтты ордаға айналдырған Ел­­ба­сы­мыздың еңбегі қандай құрметке де лайық!
Астана – жаңа мүмкіндіктер қаласы. Ер­те­гідегідей күн санап өсіп келе жатқан шаһар. Астанаға қарап облыс орталықтары да «бой түзейді».
Астана – жарқын болашаққа қол созған қа­зақ елінің символы!
Астана күні – ел асыға күтетін, өзімізге есеп беріп, тағы бір қадам алға басқанымызды ай­шықтайтын жалпыхалықтық мерекеге ай­налды.
Астананың 20 жылдық торқалы тойына тарту ретінде Ақтөбе облысының атынан «Бей­бітшілік қабырғасының» құрылысын бас­тап кеттік. Елорданың көркіне көрік қо­сып, салтанатын арттыратын бұл кешен та­м­ыз айында пайдалануға беріледі. Ал облыс ау­мағында Астана мерекесі күні бірнеше өн­діріс орны мен әлеуметтік нысандар іске қо­сылмақ.
Күш-қуаты толып, көкірегі арманға тол­ған жиырма жасар жігіттей Астанамыздың ме­рейлі тойы құтты болсын!
Мыңжылдық құтты ордамыз болғай!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір