Білім ордасы QS WUR рейтингінде 150-орынға көтерілді
05.01.2023
149
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бір жылда университет Топ200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтерілді. Әлемнің үздік университеттерімен бір қатарға орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу оры ндары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеді. ҚазҰУ-дың жаңа табысы

іскерлік басшылықтың, оқытушылар, ғалымдар мен білім алушылардың қарқынды жұмысының жемісі. Бұл университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің және халықаралық білім, ғылым кеңістігіндегі танымалдылығының айқын көрсеткіші. Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) халықаралық рейтингінің ресми нәтижелері 2022 жылдың 8 маусымында жарияланды. Бұл рейтингке дүниежүзінің 2462 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде тек 1422 ЖОО ғана тиісті дәрежелерге ие болды.

Мақала авторы:  ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Мақала жолдаушы:
Маулит Бақытнұр
Анипина Алия

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір