«Ұлы Дала – көшпенділер әлемі»
22.06.2018
2664
0

23-24 маусымда Алматы қаласындағы «Боралдай» археологиялық паркінде «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» атты Халықаралық этно-мәдени фестиваль өтеді. Оған Мажарстан, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы, Таулы Алтай, Өзбекстан, Якутия, Бурятия, Саха Республикасы және Қырғызстан елдерінің үздік өнерпаздары қатысады.

Фестиваль бағдарламасында көшпен­ді­лердің өткен дәуіріне саяхат көріністері, вик­ториналық ойындар, қызықты шеберлік са­бақтар өтеді. Жігіттер күш сынасып, палуандар сайысқа түссе, қыз-келін­шек­тер ұлттық тағамдарды ескі тәсілдермен дайын­даудың құпиясымен таныса алады. Сон­дай-ақ, көрермендер арасында «Ең әде­мі ұлттық киім» байқауы ұйымдас­ты­рылып, жеңім­паздарға бағалы сыйлықтар та­бысталады. Биылғы фестивальдің был­тырғы жылғы шараға қарағанда тағы бір ерек­шелігі – бәйге. Аламанның бас жүл­де­сіне автокөлік тігілген. Сондай-ақ, са­дақ ату, жамбы ату, аударыспақ, палуандар сайысынан оза шапқан үздіктер де бағалы сыйлықтарға ие болады. «Ұлы дала – көш­пен­ділер әлемі» атты Халықаралық фестива­лін­де: Көш шеруі, Этноауыл, Ат құлағында ой­найтын шет елдік және қазақстандық ша­бандоздардың сан түрлі өнері, Әлемнің және Қазақстан­ның ең үздік этно­музы­кант­тарының өнері, Ұлттық ойындар: бәй­ге, көкпар, аударыс­пақ, қыз қуу, асауға тұ­сау салу, теңге ілу, жамбы ату, Ұлттық спорт: қазақ күресі, Ұста, зергер, қолөнерші ше­бер­лердің, ұсталардың өнері, Ұлттық тағам­дарды дайындау мен қолөнерден шеберлік са­бақтары, Балалар алаңы, Алтыбақан, Жас­тар аймағы, Құсбегілер, мергендер мен палуандар сайысы, отбасылық жарыстар, гала-концерт өтеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын фес­ти­валь аймағына жеткізу жағын да жіті қарас­тырыпты. «Орталық стадион» аялдамасы мен «Астана» алаңы және «Саяхат» авто­бе­кеті мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңынан әр 30 минут сайын арнайы авто­бус­тар жүреді. Фестивальға кіру тегін.

Айсана ЖАҚЫПОВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір