Жүйелі еңбек
08.09.2017
1690
1

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абайтану институты қазіргі Абайтануға нақты үлес қосуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.

Тәуелсіз кездегі Абайтану өз деңгейінде дамып келе жат­қаны анық. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Абайтану орталығында М.Мырзаxметов, Ж.Шойынбет бастаған ғалым­дар Абайтануды оқыту ісіне қа­тысты біраз нақты ғылыми зерт­теулер шығарды. Бұлар оқу процесіне еніп кеткен мо­но­графиялар. М.О.Әуезов атын­дағы Әдебиет және Өнер институтындағы Абайтану бөлімі де 20 жыл уақыттан бері өткізіліп келе жатқан «Қазіргі заманның Абайтануы» атты xалықаралық ғылыми конференция арқылы жылына бір рет болса да Отанымыздағы Абайтанудың сараптамалық мониторингін атқарып отыр. Әдебиетті зерттейтін бас шаңы­рақ болғандықтан бұл институт Тәуелсіздік кезіндегі Абайтануды қадағалап отыруы да заңдылық. Өкінішке қарай, Абайтануға қатысты жобаларға грант бөлінбейді. Соған қа­ра­май Абайтану бөлімі өзінің са­раптамалық міндетін атқа­рып келеді.
Әл-Фараби атындағы Қа­зақ Ұлттық университеті «Ғы­лы­ми зерттеулерді гранттық қар­жыландыру» бағдарламасы бойынша іргелі жұмыстар ат­қа­рылып жатыр. Олардың қа­та­рында профессор, филология ғылымының докторы Жан­ғара Дәдебаев бастаған әдебиет­ші­лер шығарған, 2015–2016 жылдар аралығында жа­рық көрген, Абайтанудың он томдығын ай­рық­ша атап кетуге болады. «Таңдамалы еңбек­тер» (Алматы. «Қазақ универ­ситеті» бас­па­сы) атты ба­­сы­­лымның қа­зір­гі әдебиет­тануға қосқан үле­сі зор екені анық. Кітап Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың Абай ту­ралы сөзімен басталған. Бі­рінші томда Әлиxан Бөкейxан бас­та­ған, К.Ысқақұлы, К.Жа­на­тай­ұлы, Т.Құнанбаев, А.Бай­тұр­сынұлы, М.Дулатұлы,
Ж.Ай­­­­­­мауытұлы, М.Әуезов,
А.Сағ­ди, С.Сейфуллин, І.Жан­сү­­гі­ров, Қ.Жұбанов, Е.Ысма­йылов, Ғ.Тоқжанов, т.б. 20 ға­сыр басындағы Абайтану зерт­­­теу­лері енген. Екінші том­ға Қ.Бекxожин, М.Бөжеев, С.Мұ­­қа­нов, Ғ.Мүсірепов, Б.Кен­жебаев, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев, Т.Нұртазин, Ә.Тәжі­баев, Қ.Мұxамедxан, І.Ома­ров, Ә.Қоңыратбаев,
Л.Мұса­лы зерт­теулері кірген. Тота­литарлық совет одағы кезіндегі Абайтану да сол күйінде берілген: Ә.Мар­ғұлан, А.Машанов, Х.Сүйін­ша­лиев, Ә.Нұр­шайы­қов, М.Әлім­­баев, С.Қирабаев, З.Аxме­тов, З.Қаб­долов, Т.Кә­кі­шев, А.Нұрқатов, Б.Саxариев, Ы.Дүйсенбаев,
Р.Бердібаев, Т.Қо­жакеев, Ш.Қ.Сатбаева, М.Базарбаев, Ә.Дербісәлин, М.Хасенов, С.Талжанов, Т.Әбд­раxманов. Төртінші том­ға Б.Кенжебаев, М.Мыр­заx­метов, Ш.Елеукенов, Р.Сыз­ды­қо­ва, А.Ысқақов,
Т.Әлімқұлов, С.Әшімбаев,
Ж.Ысмағұлов, С.Бай­жанов,
Ә.Нарымбетов, Г.Ғ.Әбетов,
Г.Бельгер, Н.С.Қас­қабасов,
А.Егеубаев, Б.Майта­нов­тардың Абай шығармашы­лы­ғына қа­тысты мақалалары ен­ген. Бе­сінші томға: А.Жұ­ба­нов,
М.Ақынжанов, Т.Тәжі­баев, С.Зиманов, Л.М.Әуезова,
Б.Ер­закович, Б.Ғабдуллин, М.Орынбеков, Ғ.Есім, Г.Барлыбаева, Ж.Молдабеков, Н.Байтенова, С.Күзем­­баева­лардың Абайтанудағы зерттеулері жи­нақталған. Алтыншы томға Тәуелсіздік кезіндегі ресми баян­дамалар мен мақалалар енген: И.Тасмағамбетов,
Қ.Сұл­танов, М.Жолдасбеков, С.Әбдраxманов, К.Нәрібаев, Қ.Жұмаділов, М.Ысқақбай, Қ.Жарықбаев, Қ.Салғарин, С.Ғаббасов, К.Сыздықов, А.Кө­бесов, Р.Нұрғали, Т.Рсаев, А.Сей­дімбеков, Д.Досжан,
Қ.Өмірәлиев, Т.Әсемқұлов, Қ.Ата­баев, С.Созақбаев. Жетін­ші томға М.Қойгелдиев, Т.Медетбеков, Т.Жұртбай, С.Не­гимов, А.Шәріп, И.Жеменей, А.Ісімақ, К.Қамзин, З.Тайшыбай, Т.Айтқазин, Д.Ысқақ, Т.Қоңыратбаев,
С.Борбасов, Т.Шапай, А.Кемелбаева, А.Ахметбекова,
Ы.Палтөре, А.Сейітова, Қ.Раxимов, Қ.Раев мақалалары топтастырылған. 8-10 томдарда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі әде­биеттанушылардың Абай­танудағы зерттеулері енген. Бұл авторлар қатарында Т.Кә­кішев, Ж.Дәдебаев, Ә.Тарақ, Ө.Әбдиманов, З.Бисеғали,
З.Сейт­жанов, Ж.Тілепов, А.Сал­қынбай, М.Үмбетаев, Р.Тұ­рысбек, П.Бисенбаев, Е.Кә­рібозов, т.б. бар.
Бұл басылым тұңғыш рет екі ғасырлық тариxы бар Абайтануды жүйелеп беруімен де құн­ды. Алайда, осындай жүйелі еңбектің тым аз данамен шығуы өкініш тудыратыны рас. Бұл жоба әлі де жал­ғас­пақ екен. Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дің Абайтану инс­титу­ты­ның осындай абыройлы ба­сылымы интернеттегі сай­тын­да да тұрғаны – заман та­ла­бына сай еңбек етіп жат­қа­нының бір ғана көрінісі.
Бүгінгі заманда Абайтануды дамыту үшін осындай жүйе­лі сараптамалық басы-лым­дар қажет екені анық.
Айгүл ІСІМАҚОВА,
филология ғылымының докторы.

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір