Түлек пен сынақ немесе менің құрдастарым ҰБТ-ны қалай тапсырды?

0
57 қаралды

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге жолдама алудың алдында тұрған әрбір жасөспірімнің үлкен толғанысты бастан кешіретіні анық. Бір жағынан алтын ұяға деген қимастық сезімі бойын билесе, екінші жағынан алдағы маңызды сынақ ҰБТ-ны қалай тапсырар екенмін деген күдік пен үмітке толы толқулар оқушыны әрі-сәрі күйге түсіретініне көзім жетті. Алдағы емтихандардан сүрінбей өтіп, студент атансақ деген арман әрқайсымыздың кеудемізде үміт сәулесін жаққанымен, бастапқыда көңілімізде күдік тудырған жайттар да жоқ емес еді. Көңілімізге күдік ұялауының бір себебі – биылғы жылы ҰБТ-ны тапсырудың жылдағы қалыптасқан дәстүрі өзгеріп, жаңа формат енгізілген болатын. Алайда, ұстаздар тарапынан кеңінен түсіндіру жұмыстары толық жүргізілгеннен кейін күдігіміз сейіліп, үмітіміз молая түскендей болды.

Өткен жылдары мектеп бі­тіру­ші түлектер аттестат алу үшін және жоғары оқу орнына қа­былдану үшін бір рет қана ҰБТ тапсырып, соның нәтижесі не­гізінде конкурсқа қатысу мүм­кіндігіне ие болатын еді. Ал биыл ол үрдіс өзгерді. Биыл Ұлт­тық бірыңғай тестілеу екі ке­зең­ге бөлінді. Әуелі мемлекеттік бі­тіру емтиханынан (қортынды аттестаттау) өтсек, кейін жоғары оқу орнына түсу емтиханын (ҰБТ) тапсырдық. Мектепте бес пән бойынша сынақтан өттік. Оның төртеуі міндетті, ал біреуі таңдау пәні болды. Биылғы түлектер үшін және бір жаңалық – ана тілі және әдебиетінен (оқы­ту тілі) эссе нысанында жаз­баша емтихан тапсыру еді. Ұсы­нылған үш тақырыптың бі­ріне үш астрономиялық са­ғат­тың ішінде эссе жазуды қор­тын­ды аттестаттау сынағына ен­гізу идеясы менің ойымша өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі, бұл оқушыларды шығарма­шылық тұрғыдан ойлауға үйретеді, тілін байытады, ойын дұрыс жеткізе білуге дағды­лайды. Мәселені неден бастап, қалай дамыту керектігін, тақырыпты қалай тұздықтау қа­жеттігін және ойын қалай қо­рытуы тиістігін оқушы дұрыс мең­гере бастайды. Сол себептен де менің ойымша, биыл қолға алынған бұл бастама бұдан әрі де жалғасын табуы тиіс секілді.
Алгебра және анализ бас­та­ма­лары пәнінен жазбаша ем­ти­ханға 5 астрономиялық сағат бе­ріл­ді. Бұл емтихан тапсырмалары математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді мең­геру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тап­сырмаларды шешу дағды­ла­рын, функционалдық сауат­ты­лығын білуге бағытталған тап­сырмалардан құралған. Ал Қа­зақ­стан тарихынан билет бо­йын­ша ауызша емтихан тап­сыр­дық. Билеттегі үш сұрақтың екеуі теориялық болса, соңғысы шығармашылық тұрғыдағы, яғ­ни карта, кескін, портрет, хро­нологиялық кестелер пайдалану ар­қылы орындалатын тапсырма бол­ды. Орыс, өзбек, ұйғыр және тә­жік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қа­зақ тілінде оқытатын мек­теп­тер­де орыс тілінен тестілеу 40 сұрақтан құралды. Оны шешуге 80 минут уақыт берілді. Ал Ұлт­тық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жо­ғары оқу орнына түсу емтиха­ны және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалды. 2017 жылғы ҰБТ форматы 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұрды. Оның үшеуі міндетті, қалған екеуі талапкердің бейіні бойынша таңдалды. Биыл «Алтын белгі» иегерлеріне ерекше басымдық берілмейді деген еді. Бастапқыда олар да көп талапкерлермен бірге конкурсқа қатысатыны туралы айтылған болатын. Алайда, «Алтын белгі» иегерлерінің ерекше басымдығы туралы заң өзгертілмегендіктен қанша балл жинағанына қарамастан олар мемлекеттік грантты бірінші кезекте иеленді.
Осындай сындардан сүрін-бей өтіп, жуырда ғана С.Ж.Ас­фендияров атындағы Қазақ Ұлт­тық Медицина уни­верси­те­ті­нің студенті атандым. Яғни ҰБТ қорытындысы бойынша 123 балмен конкурсқа қатысып, мемлекеттік грантты жеңіп алдым. Бұл – менің үлкен өмірге қа­дам басу алдындағы алғашқы жеңісім болатын. Он бір жыл бойы жинақтаған білімім мен тәжірибемді дұрыс көрсете алуыма мүмкіндік берген биылғы ҰБТ-ның жаңа форматы менің көңілімнен шықты. Менің өзге де замандастарым бұл өзгеріске оң көзбен қарайды деген ойдамын.
ҰБТ-ға дайындық барысында менде өзге мемлекеттерде бұл сынақ қалай тапсырылады деген қызығушылық пайда болған еді. Сөйтіп, бірнеше елдің емтихан тапсыру үрдісімен танысып шықтым.
Мәселен, Қытайда тәртіп өте қатал көрінеді. «Гаокао» деп ата­латын мемлекеттік емтиханды тапсыру кезінде талап­кер­лер­дің қолында қалам, қарын­даш, өшіргіш пен сызғыш, цир­­­­кульден өзге ешбір зат бол­май­ды екен. Тіпті, бұл емтиханға ауыз суды алып кіруге де тыйым са­лынған. Ал егер шпар­галка­ның немесе өзге нәрсенің кө­ме­гіне жүгінгеніңіз анықталса, сізге өмір бойы бас бостанды­ғы­нан айрылу қаупі төніп тұрған көрінеді. Кешірімнен дәм ету, ем­тиханды қайта тапсыруға мүм­кіндік алу туралы ойлау да мүм­кін емес екен. Қытаймен са­лыстырғанда АҚШ-та талап­кер­лерге біршама еркіндік бе­ріліпті. Онда бірінші емтиханнан өте алмаса тағы бес рет ба­ғын сынап көруге мүмкіндік алатын көрінеді. Олар көшіріп жазудан, гаджеттерді пайдаланудан аса қорықпайды, себебі қытайдағыдай қатал тәртіптің құр­баны болып кете қоймай­тын­дарына сенімдері мол.
Бір байқағаным, біздің елі­мізде адам факторына ерекше көңіл бөлінеді екен. Адам құқы­ғы мен денсаулығының қор­ғалуы бірінші кезекте ескері­ле­тініне осы сынақты тапсыру ке­зінде көзім жетті. Талапкерлер ҰБТ тапсырып жатқан ау­диториялардың сыртында арнайы психологтар мен жедел жәрдем қызметкерлері қадағалап отырды. Емтихан үрдісін бақы­лау­шы ұстаздар әр нәрсені асық­пай жеке-жеке қайталап түсін­діріп, барлық сауалдарымызға то­лық жауап беріп тұрды. Олар­дың жанарынан қатал тәрті­п пен сұстылықты емес, мейірім мен қамқорлықты байқаған әрбір түлек сынақ тапсыру бары­сында өзін еркін әрі сенімді се­зіне алды деп ойлаймын.
Биыл мен білім алған Алма­тыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандан­ды­рыл­­ған гимназия жүз түлегін қа­нат­тандырды. Олардың 14-і «Ал­тын бел­гі» иегері болса, 25 оқу­шы (ішін­де мен де бармын) үз­дік ат­тестатқа ие болдық. Бә­рімізді же­телеген бір арман – қалаған ма­мандығымыз бойынша оқуға түсу, ата-ана, ұс­­­таз­­­­дары­мыздың үмітін ақтау, дүниенің бір кетігін тауып, кір­піш болып қалану еді. Сол жолда талмай дайындалған мектеп бітірушілердің 85 пайызы мем­лекеттік грант иегері атан­ды. Ал қалған 15 пайызы кон­курстан өте алмай қалған жоқ, олар шет­елдік оқу орнын таңдаған талапкерлер болатын. Яғ­ни менің мектепті бірге тә­мамдаған құр­бы-құрдас­тарым­ның барлығы дерлік армандары­на қол жет­кі­зіп, ұстаздары мен ата-аналарын қуанышқа бөледі. Мен бұны үлкен мақтанышпен айта аламын. Осындай үздік те бәсекеге қабілетті жастарды тәр­биелеп, тү­летіп ұшырған ал­тын ұя мек­тебімнің аяулы ұс­таз­дарына ай­тар алғысым шексіз. Жаңа фор­­­матқа ауысқан ҰБТ-ның биыл­ғы жүйесі менің және ме­нің құрдастарымның қанатын қатайтты, жігерін жаныды, тәуе­­­келін күшейте түсті. Бір сөз­бен айтқанда, үлкен өмірге қа­дам басар алдында етек-жеңін жиып, ес тоқтатып, болашаққа нық се­німмен қарауға үйретті де­сем де болады.

Аружан АМИТОВА,
Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының түлегі.

Пікір қосу