«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ»
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – департаменттер арасындағы облыстық байқау өтті.
Байқауға Алматы облысы бойынша аталған департаменттердің әр ауданынан 15 қызметкер қатысып, Тіл сарайында өткен шарада бақ сынады.
Байқауда бес кезең бойынша:
- Мемлекеттік тілде өзін таныстыру;
- Мақал-мәтел айту;
- Өнер сайысы;
- Интеллектуалды сұрақтарға жауап беру;
- Мәтінді аудару тақырыптарында сынақтардан өтті.
Байқауды «ХҚКО» департаменті ұйымдастырған. «ХҚКО» департамент директорының орынбасары Асылбеков Алмастың айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізу департамент қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін арттырып, сондай-ақ, оның қызмет көрсету саласында қолданылу аясын кеңейтеді. «Бізге «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» және «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменттері бойынша құжаттарды қабылдау жөніндегі мамандар өнер көрсетті. Әділқазылар мүшелері мамандарымыздың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ықыласын, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, олардың бойында Отансүйгіштік сезімдері жоғарыда тұрғанына сүйсініп таң қалдық», – деді өз сөзінде Алмас Асылбеков.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-приді Ұйғыр ауданы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» маманы Болатов Дархан иеленді, бірінші орынды «ХҚКО» департаментінің Панфилов ауданының маманы Ибрагимова Назгум, екінші орын «ХҚКО» департаментінің Сарқан ауданының маманы Ашкенова Саяжан алса, үшінші орынды «ХҚКО» департаменті Текелі қаласының өкілі Смайлова Анар жеңіп алды.
Бас жүлдегерге 2016 жылы, қыркүйекте, Талғар қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама берілді. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің өкілдері байқау жеңімпаздарына дипломдар және әр түрлі сыйлықтар табыс етті.
Қ.СЕРІКҚЫЗЫ.