Ел тәуелсіздігі – еркіндік пен бірліктің нышаны
2024 жылдың 18 қазан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 414 аудиторияда 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1 курс 117 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Ел тәуелсіздігі – еркіндік пен бірліктің нышаны» атты ашық тәрбиелік сағат өткізілді. Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: М.Е. Ақболатова, С.Б. Дузбаева, М.Қ. Бисенова, С.Ш. Даубасова және К.С. Сураева қатысты.

Бұл тәрбиелік сағаттың мақсаты – тәуелсіздік жылдарында елімізде жеткен жетістіктер мен құқық қорғау қызметіндегі мемлекеттік органдардың атқаратын рөлі туралы студенттерге ақпарат беру болды. Топ эдвайзері Н.С. Темірболат студенттерге Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы жетістіктер туралы әңгімелеп, жастарды елге деген сүйіспеншілікті арттыруға шақырды. Сонымен қатар, студенттер тәуелсіздік пен еркіндікке қатысты өз ойларымен бөлісіп, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырды.
Ашық тәрбиелік сағаттың басты мақсаты – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты ғылым мен тәжірибенің байланысын терең түсіндіру болды. Еркіндік – адамның және халықтың өз мүддесіне сәйкес әрекет етіп, қалауын жүзеге асыруы. Ғылыми-техникалық прогресс әрбір адамға, әлеуметтік топқа және тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына көмек көрсетеді. Еркіндік дәрежесінің артуы қоғамның ілгерілеуінің маңызды өлшемі болып табылады, ал әлеуметтік кедергілерге қарсы күрес қоғамның дамуының басты қозғаушы күші болып саналады.
Тәрбиелік сағат жоғары деңгейде өтті. Студенттердің қойылымдары мен ұйымдастырған квест ойындары ерекше әрі қызықты болды. Қатысушылар мен келген қонақтар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Топ эдвайзері студенттерге сәттілік тілеп, ел тәуелсіздігін нығайту жолында өз үлестерін қосып, университетте алған білімдерін еліміздің болашағына арнауға шақырды.
1 курс 117 топ студенті Қ, Қайрат,
топ эдвайзері Н.С. Темірболат.