Жастарға кеңес берілді
05.11.2026
39
0

Елордадағы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы NEET санатындағы жастарға арналған кеңес беру бойынша кездесу өткізді. Іс-шара оқу оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарды қоғамға бейім­деуге бағытталған «Астана Жас Жігер» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – жастарға жұмыс табу, білім алу және кәсіби дағдыларын дамыту жолдарын түсіндіру. Сондай-ақ оларға болашақ мамандығы мен
карьера бағытын таңдауға көмектесу.
«Осыған дейін мұндай кездесулерді колледждер мен училищелерде өткізген едік. Бұл жолы «Астаналық базар» сауда орталығында ұйымдастырдық. Мұнда NEET санатындағы жастар көп. Олардың арасында базардағы сатушылар, курьерлер мен такси жүргізушілері бар. Кездесуге келгендер заңгерден, психологтан және «Joltap» өкілінен жеке кеңес ала алады. Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру үшін қосымша білім алу және жұмыс іздеу жолдары туралы ақпарат беріледі», – дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы бөлімінің басшысы Дәуіржан Жұмахан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір