Алматыда қаламгерлерге көше аттары берілді
Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясында депутаттар бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарап, қолдады.
Негізгі шешімдердің бірі – қаладағы 156 атаусыз көшеге атау беру болды. Оның ішінде 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін иеленеді, 15 көше «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген қайраткерлердің атын алады.
Олардың қатарында халық жазушылары Мұзафар Әлімбаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтар бар. Қала герлерден бөлек, шешім аясында белгілі түрколог Әбдуәли Қайдар, ғалым Шора Сарыбаев, тіл білімінің ғалымы Рәбиға Сыздық, қазақстандық тұңғыш телевизия аниматоры Әмен Қайдаров, суретші Сабыр Мәмбеев, ғалым Карл Байпақов атындағы көшелер пайда болмақ.
Ал қалған 118 көше танымдық, тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар алдын ала мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алған.
Ысқали Арыс,
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және тілдер Университеті
ПІКІРЛЕР1