ӘКІМ СТИПЕНДИЯСЫ БЕРІЛДІ
01.04.2025
54
0

Бұдан бұрын газетімізде хабарлағанымыздай (№7.20.02.25), Қостанай облысының әкімі Құмар АҚСАҚАЛОВ өңірдегі кешенді әдеби жобаларға нақты көмек көрсетілетіні туралы айтқан еді. Солардың қатарында Қазақ­стан Жазушылар одағының ұсыныстары басты назарда ұсталған болатын.

Міне, енді биылғы әз-Наурыз ме­ре­кесінде облыс әкімінің тікелей ше­шімі­­­мен облыстағы Одаққа мүше 12 ақын-жазушының әрқайсысына 500 мың теңгеден облыс әкімінің стипендиясы тағайындалып, салтанатты түрде табыс етілді.
Танымал қаламгерлер Серікбай Ос­панов, Ақылбек Шаяхмет, Жанұзақ Аязбекұлы, Александра Суслова және басқалары облыс басшысының ұлт руханиятына үлес қосып жүрген қаламгерді қолдағаны үшін облыс әкіміне алғыстарын айтты.
Әкім алдағы уақытта да кітап шы­ғару, шығармашылық кештер өткізу, жас таланттарды демеу секілді белгіленген іс-шаралар рет-ретімен жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

Жанұзақ АЯЗБЕКҰЛЫ,
Қостанай облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір