«ZULFIKAR JUDO OPEN CUP» турнирінде шәкірттеріміз жүлдегер атанды

Майгүл ҚҰДАЙБЕРГЕН,
тарих пәні мұғалімі
«№ 203 жалпы білім беретін мектеп» КММ
9–11 қазан күндері Алматы қаласында 2014–2015, 2015–2016 және 2017–2018 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан «ZULFIKAR JUDO OPEN CUP» ашық турнирі өтті. Жарысқа қатысқан жас спортшылар өзара бақ сынап, татамиде шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Байрақты бәсекеде Ұлытау облысы, Ұлытау ауданының жас дзюдошылары да жақсы нәтиже көрсетті. 20 келі салмақ дәрежесінде белдескен Арыстан Абылайхан ІІІ орынға ие болып, қола жүлдені жеңіп алды. Ал қыздар арасында 24 келі салмақта өнер көрсеткен Марат Айша қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Айша дзюдо үйірмесіне 9 жасынан, ал Абылайхан 7 жасынан бастап қатысып келеді. Жас спортшылардың бұл жетістігі — тұрақты жаттығудың, табандылықтың және спортқа деген шынайы қызығушылықтың нәтижесі. Әр жарыс олардың тәжірибесін арттырып, алға қойған мақсаттарына жақындата түседі.
Шәкірттерін жарысқа дайындап жүрген бапкер — дзюдо және қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат Бейбіт Әділет Бейбітұлы. Ол Ұлытау ауданында жас спортшыларды жаттықтырып, олардың қабілетін шыңдауға, татамиде сенімді өнер көрсетуіне және спорттық шеберлігін арттыруға өз үлесін қосып келеді.
Арыстан Абылайхан мен Марат Айшаны жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаттықтырушысы Бейбіт Әділет Бейбітұлына еңбегі мен шәкірттеріне көрсетіп жүрген қолдауы үшін алғыс білдіреміз. Алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!
ПІКІРЛЕР4