«Ұлы дала мұрагерлері»: домбыра үнімен ұлықталған Ұлы дала рухы

Республика күні қарсаңында Алматы–Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы қаласындағы «Апорт Молл» сауда орталығында дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобын ұйымдастырды.
Бір сәтте күмбірлеген қара домбыраның қоңыр үні сауда орталығын әсем әуенге бөлеп, келушілердің назарын өзіне аударды. Халықаралық байқаулардың Гран-при иегері “Нұр-сазы” этнофольклорлық ансамблінің орындаушылары ұлттық аспаптарда қазақ күй өнерінің құдіретін тағы бір мәрте паш етті.

Күмбірлеген «Келіншек», жігерге толы «Адай», әсем сазды «Ерке сылқым»,мұңды “Ата толғауы” күйлері көрермендердің жүректеріне жол тапты. Ал «Біздің ел» әні мен бишілердің мың бұрала орындаған хореографиялық композициялары мерекелік көңіл күйді еселей түсті. Ұлттық өнердің жарқын көрінісіне куә болған жиналған қауым жас өнерпаздарға ыстық ықыласын білдіріп, қошемет көрсетті.
«Ұлы дала мұрагерлері» –ұрпақтар сабақтастығын жалғаған, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды дәстүр. NIS тарихымен бірге жасап келе жатқан бұл бастама жылдан жылға жаңа оқушылар легін домбыра өнеріне баулып, халқымыздың рухани қазынасын жас ұрпақтың жүрегіне сіңіріп келеді.
«Ұлы дала мұрагерлері»: музыка Великой степи в преддверии Дня Республики
В преддверии Дня Республики Назарбаев Интеллектуальная школа Алматы–Наурызбай организовала традиционный флешмоб домбристов «Ұлы дала мұрагерлері» в торговом центре «Апорт Молл» города Алматы.
В один миг пространство торгового центра наполнилось звучанием казахской домбры, привлекая внимание посетителей. В исполнении этнофольклорного ансамбля народных инструментов “Нұр-сазы” прозвучали кюи «Келіншек», «Адай», «Ерке сылқым», «Ата толғауы». Музыкальную программу дополнили песня «Біздің ел» и хореографические номера в исполнении школьных танцоров. Выступления учащихся вызвали живой интерес зрителей и их тёплые аплодисменты.
Флешмоб «Ұлы дала мұрагерлері» стал доброй традицией NIS. На протяжении многих лет проект приобщает новую волну учащихся к национальному музыкальному искусству и способствует сохранению культурного наследия казахского народа.
Через искусство игры на домбре и других национальных инструментах школьники знакомятся с богатством народной музыки, продолжают традиции предшествующих поколений и вносят свой вклад в популяризацию национальных ценностей.
«Ақберен» байқауы: зияткерлердің шығармашылық жетістігі
Алматы–Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ақберен» республикалық өнер байқауының желілік кезеңі аясында өткен «Туған елге тағзым» жобасында үздіктер қатарынан көрінді.
12-сынып оқушысы Қасен Шыңғыс пен 8-сынып оқушысы Еркінбек Мәдина «Туған жер – тұғырым» номинациясы бойынша III орын иеленді.
Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Иманбекова Назира Нұрхалиевна және Қуанышбаева Әйгерім Нұрғазықызы.
Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
«Акберен»: творческие достижения наших учеников
Учащиеся Назарбаев Интеллектуальной школы Алматы–Наурызбай вошли в число призёров проекта «Туған елге тағзым», проведённого в рамках сетевого этапа республиканского конкурса «Акберен».
Ученик 12-го класса Касен Шынгыс и ученица 8-го класса Еркинбек Мадина заняли III место в номинации «Туған жер – тұғырым» («Родная земля — моя опора»).
Руководители: учителя казахского языка и литературы Иманбекова Назира Нурхалиевна и Қуанышбаева Әйгерім Нұрғазықызы.
Поздравляем призёров и их наставников и желаем новых творческих успехов.