«ҰЛЫ ДАЛА ДАУЫСЫ»
15.12.2025
27
0

Қазақстан Республикасының Ұлт­тық кітапханасында ақын, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұхтархан Қалиұлының «Ұлы дала дауысы» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті.

Әдебиет пен өнерді тоғыстырған мәнді шарада қаламгердің жаңа жинағы көпшілікке таныстырылды. Кеш барысында ақынның поэмалары, балладалары және лирикалық өлеңдері топтастырылған «Ұлы Дала дауысы» кітабының көркемдік әлемі жан-жақты ашылып, шығармаларындағы идеялық ерекшелік пен ақындық қолтаңба кеңінен талқыланды. Зиялы қауым өкілдері Мұхтархан Қалиұлының қазақ поэзиясына қосқан үлесін, оның шығармашылығына тән терең пайым мен ұлттық рухты айқындады.
Әдеби басқосуда ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды. Шараға қаламгердің отбасы, әдебиет өкілдері, мәдениет саласының қайраткерлері мен оқырмандар қатысты. Аталған кеш оқырман қауымға ақын шығармашылығын жаңа қырынан танытып, рухани әсер сыйлады.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір