Тәртіп мығым жерде білім де қонымды
24.09.2026
76
0

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Елорданың №95 мектеп-лицейінің ұстаздарына «Мектептегі қауіпсіздік: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы педагогтің рөлі» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.

Қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында буллинг пен кибербуллингтің, бопсалаудың, балаларды есірткі заттарын таратуға және дропперлік схемаларға тартудың, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мәселелері қаралды.
Ұстаздарға баланың мінез-құлқынан алаңдататын өзгерістер байқалса, не істеу керегі түсіндірілді. Атап айтқанда, баламен сенімді байланыс орнату, жағдайды тіркеу және бұл туралы жауапты мамандар мен тиісті органдарға дер кезінде хабарлау жолдары айтылды.
Педагогтің міндеті өз бетінше тергеу жүргізу емес, қауіп белгілерін дер кезінде анықтау, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажетті шараларды қабылдау екеніне ерекше назар аударылды.
Ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын нығайтуға бағытталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір