Бес апта ғылым әлемінде: NIS оқушысы АҚШ-та биохимияны зерттеді
16.09.2026
65
0

Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Айғаным Рыскали АҚШ-тың Индиана штатындағы Пёрдью жетекші мемлекеттік зерттеу университетінің грант иегері атанып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жоғары сынып оқушыларына арналған SSP жазғы зерттеу бағдарламасына қатысты.

Бағдарламаға жыл сайын шамамен 4 600 үміткер өтініш беріп, олардың арасынан небәрі 700 жас зерттеуші іріктеліп алынады.

Айғаным бағдарлама аясында Biochemistry – биохимия бағытын таңдады. Claviceps purpurea саңырауқұлақ патогенін команда құрамында зерттеу, дәрістер, профессорлар мен оқытушылармен пікір алмасу, әлемнің әр түкпірінен келген оқушылармен танысу және күнделікті ғылыммен айналысу – Айғаным бағдарламадағы тәжірибесін осылай сипаттайды:

«Маған әсіресе зертханада жұмыс істеген ұнады. Тәжірибелер жүргізіп, нәтижелерді талдау және теориялық білімнің нақты ғылыми жаңалықтарға айналғанын көру ерекше әсер қалдырды. SSP бағдарламасындағы тәжірибем химия мен биологияның қаншалықты тығыз байланысты екенін және осы екі ғылымның тоғысуы тірі ағзаларда жүретін үдерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін көрсетті. NIS қабырғасында химия мен биология пәндерінен алған білімім, атап өтсем биология пәні мұғалімі Айгүл Жақсанова пәнге қатысты оқу бағдарламасын ағылшын тілінде меңгеруге көмектессе, химия пәні мұғалімі Бибіжан Кемалдың берген сабақтары SSP бағдарламасына тезірек бейімделуіме мүмкіндік берді». 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір