Кітап – білімнің кілті
07.09.2026
75
0

Мектебімізде 3-сынып оқушыларының кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап – білімнің кілті» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, кітап оқудың пайдасын талқылады. Сонымен қатар кітапты ұқыпты ұстау, оны қадірлеу және дұрыс пайдалану ережелерімен танысты. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері жайлы әңгімелеп, топтық тапсырмаларға белсене қатысты.

Ашық сабаққа Алматы қаласы №20 Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас маманы Тұрсынова Лаура Мәулішәріпқызы арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды әңгіме жүргізді.

Лаура Мәулішәріпқызы балаларға кітап оқудың маңыздылығы, кітапхананың мүмкіндіктері мен оқырман мәдениеті туралы құнды ақпарат беріп, оқушыларды кітаппен дос болуға шақырды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманмен еркін пікір алмасты. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға зор ықпал етеді.

Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани қазына. Кітап оқитын ұрпақ – білімді әрі жарқын болашақтың кепілі!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір