Білім алушыларға қолдау
31.08.2026
62
0

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Қуа­ныш Ғалымжанұлы Ысқақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиын барысында білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы баяндалып, басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Биылғы жылдан бастап Шымкент қаласында қаржылық және материал­дық көмекке өтінім беру процесі «QOSYMSHA» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Өтініштер электронды түрде қабылданып, отбасының заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігі қаралады, қаржылық көмек көрсету негіздері Ұлттық білім беру деректер қоры (НОБД) арқылы тексеріледі, қарау нәтижелері тіркеледі және қаражаттың аударылуы мен мақсатты пайдаланылуы бақыланады.
Бүгінгі күнде (2026 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша) жүйеге 78 543 өтініш келіп түсті.
Оның 18 927-і (24,1%) қаралуда,
9 612 (12,2%) өтініш бойынша көмек тағайындалып, төлем күтілуде. Ал, 50 004 өтініш (63,6%) бойынша қаржылық және материалдық көмек тағайындаудан бас тартылды. Бас тартулардың басым бөлігі Екінші санатқа жататыны расталмаған өтініштерге қатысты болып отыр Осыған орай, Ұлттық білім беру деректер қорынан (НОБД) қандай себеппен бас тартылғаны жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік жоқ, себебі ол әр азамат­тың жеке дербес деректері болып саналады және заңмен қорғалады.
Осыған орай, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау, Оқу-ағарту минитсрліктерімен бірнеше жиналыс өткізіліп, бас тартудың себебі жөніндегі мәліметті өтініш берушілердің өзіне ғана көруге мүмкіндік беру мәселесі қаралуда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір