ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ — ЖАСТАР
02.04.2026
42
0

Жастар – ел болашағы. Жастардың әлеуетін арт­тыру – ұлттың келешегін берік етудің басты алғышарттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» Жолдауында: «Жастар – жаңашылдықтың қозғаушы күші.

Біз оларға зор үміт артамыз. Жастардың бастамаларын қолдау – бұл стратегиялық міндет», – деп әр стратегиясында жастар саясатын оңтайландырудың қадамдарын нығарлап келеді. Жастардың білім алуына зор мүмкіндіктер қалыптастыру, ауыл жастары арасында жұмыссыздық мәселесін жою, дамуға бағыттайтын шараларды арттыру, мемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту секілді жұмыстар бұл саясаттың басты негізін құрайды. Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы Президенттің Жарлығымен қабылданып, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарды дайындау істері де қолға алынған болатын. Сондай-ақ балаларға арналған контенттерді дұрыс жүргізу де – бүгінгі уақыттың басты талабы. Қоғамның басты қозғаушы күші болып саналатын жастарға жан-жақты мүмкіндік жасау өркендеудің баспалдағы болып қалана бермек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір