ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БОЛАШАҚТЫҢ КҮШІ
07.10.2025
88
0

Нұрдәулет Қуанышбай, ҚазХҚжӘТУ журналистика факультеті, 1-курс студенті

Бүгінгі таңда адамзат дамуының ең үлкен жетістіктерінің бірі –жасанды интеллект. Ол тек технология емес, ол — адам өмірінің барлық саласын өзгертетін жаңа дәуірдің бастауы.

Жасанды интеллект (ЖИ) деп компьютер мен машиналардың адамның ойлау қабілетін еліктей отырып, шешім қабылдау, үйрену және әрекет ету қабілетін айтамыз. Бұл жүйелер деректерді талдап, олардан қорытынды шығара алады. Қазір ЖИ медицинада, білім беру саласында, өнеркәсіпте, көлікте және тіпті тұрмыста кеңінен қолданылып жатыр.

Мысалы, медицинада ЖИ ауруды ерте анықтап, дәрігерлерге нақты диагноз қоюға көмектеседі. Білім беру саласында оқушылардың жеке қабілетіне қарай тапсырмалар құра алады. Күнделікті өмірде болса, смартфондағы дауыс көмекшілері мен аударма қосымшалары да – жасанды интеллекттің жемісі.

Алайда, ЖИ-дің дамуы тек пайда әкеліп қана қоймай, белгілі бір қауіптер мен сұрақтарды да туғызады. Мысалы, роботтар мен автоматтандырудың арқасында кейбір мамандықтар жойылуы мүмкін. Сонымен қатар, адамдардың жеке мәліметтерін қорғау мен этикалық нормалар мәселесі де маңызды.

Дегенмен, жасанды интеллект – адамның орнын басатын күш емес, керісінше оған көмекші құрал. Ең бастысы – оны дұрыс бағытта қолдана білу. Тек сонда ғана ол қоғамға пайдасын тигізіп, өмір сапасын жақсартады.

Қорытындылай келе, искусственный интеллект – адамзаттың болашағына жол ашатын ұлы мүмкіндік. Ол бізге жаңа биіктерге жетуге көмектеседі. Ең бастысы, осы мүмкіндікті ақылмен және адамгершілікпен пайдалану – әрқайсымыздың борышымыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір