«Заң мен тәртіп» бастамасы: спорттағы адалдық пен жауапкершілік
17.02.2026
79
0

Дене шынықтыру және өнер факультетінің спортшы студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Б. Сериев ашып, студент-жастар арасында заң талаптарын сақтау мен адал спорт қағидаттарын ұстанудың маңызын атап өтті. Семинар барысында Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушы-дәріскері, м.ғ.к. Г. Галиева «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» тақырыбында баяндама жасады.


Астана олимпиадалық даярлау орталығы маманы Э. Сагындыкова «Қазіргі спорттағы допингке қарсы бақылау» мәселелері бойынша түсіндірме берді.
Ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жетісу университеті түлегі С. Седов спортшылардың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру жөнінде кеңес айтты. Сонымен қатар кездесуге дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті, джиу-джитсу спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері С. Сәрсенұлы қатысып, спорттағы адалдық пен жауапкершілік тұрғысында тәжірибесін ортаға салды.
Семинар соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, допингке қарсы талаптарды сақтау, құқықтық жауапкершілік және таза спорт қағидаттарын ұстану мәселелері кеңінен талқыланды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір