XIII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі
02.12.2025
36
0

Алматы қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолымен – 2025» XIII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесінде Қазақстан Жазушылар одағы жас қаламгерлер мен оқырмандардың кездесуін ұйымдастырды.

Кездесу барысында көрме қонақтарына Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық әріптестікті іске асыруға бағытталған «Жаңа Қазақстан­ның әдеби-танымдық панорамасы» және «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушыларға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу» сынды екі ірі жоба аясында 2024 жылы жарық көрген кітаптар таныстырылды.
Сонымен қатар 2024 жылғы «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасының қатысушысы, жоба аясында жарық көрген «Жыр-дария» кітабының авторы Қуаныш Жазай, аталған жобаның биылғы қатысушысы, жазушы Жақсылық Мұратбек және биылғы «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушыларға қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу» жобасының қатысушысы Әлібек Байбол екі жобаның мақсаты мен мәніне тоқталып, жоба аясындағы шығар­маларының жазу барысына тоқталып, шығармашылық шеберханалары жайлы деректер айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір