«КҮЗ АРУЫ – БІЛІМ МЕН ӘСЕМДІКТІҢ ТОҒЫСЫ»
17.11.2025
80
0

Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде талантты, шығармашыл жастарды қолдауға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның бірі – «Күз аруы: білім мен әсемдіктің тоғысы» атты көркемдік-эстетикалық байқау. Бұл іс-шара 1-бағам студенттері арасында өткізіліп, жас қыздардың өнерін, сән талғамын, білімін және өзін-өзі ұстау мәдениетін танытатын маңызды кезең болды. Байқаудың басты мақсаты – студенттердің бойындағы шығармашылық қабілетті ашу, эстетикалық талғамын дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру және колледждің рухани-мәдени өмірін жандандыру. Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды: Таныстыру – қатысушылар өздерін ерекше стильмен таныстырып, әсерлі бейне қалыптастырды. Білім сайысы – қыздар логикалық сұрақтарға жауап беріп, ой ұшқырлығын көрсетті. Сәнді киім дефилесі – күз тақырыбына сай сәнді, өзіндік қолтаңбасы бар образдар ұсынылды. Шығармашылық бөлім – студенттер ән, би, поэзия арқылы өз өнерін паш етті. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әділ қазылар алқасы қатысушылардың өнерін әділ бағалады. Әр студент өз жан-жақты қабілетімен танылып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. «Күз аруы» байқауы колледж жастарының бірлігі мен белсенділігін көрсетіп қана қоймай, олардың білім мен әсемдікті үйлестіре алатын дарынды тұлғалар екенін дәлелдеді. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл байқау студенттердің есте қаларлық жарқын сәттерінің біріне айналып, олардың шығармашылық жолына жаңа серпін берді.

           Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің   кітапхана меңгерушісі Жандар Сәуле Илиясқызы

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір