«Кітаптар әлемі» жобасы аясында жарық көрген қос кітап
11.11.2025
103
0

Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада «Кітаптар әлемі» жобасының бес жылдық мерейтойы аясында жазушы Салтанат Әбдіғалидың «Жаназық» және «Кішкентай әйел» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нұрдәулет Ақыш жүргізіп отырды.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов жас жазушының аяқ алысы – қос кітабы қомақты еңбек екеніне тоқталып, ақжарма тілегін білдірді. Ал арнайы Тараз қаласынан ат терлетіп келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы мен «Шалқар» радиосының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Болатбек Төлепберген «Кітаптар әлемі» жобасының маңыздылығына тоқталып, жетекшісі Салтанат Әбдіғалидың жаңа кітаптарының көтерер жүгі салмақты екенін айтты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ардақ Исатаева өз шәкірттерімен әннен шашу шашып, шараның көрігін қыздыра түсті. Жиынға сондай-ақ Салтанат Әбдіғали жетекшілік ететін «Кітап жанашырлары» клубының елдегі, шетелдегі мүшелері де қатысты. Түркістан облысы, Созақ ауданынан келген ақын әрі ұстаз Тұмартай Дінтайұлы, ақын Несібелі Шайдазымова, Моңғолия елінің Баян-Өлгей өлкесінен келген Төлеген Баянханұлы, Шымкент қаласынан келген Рүстем Кенжеұлы, Түркістан қаласынан келген қаламгер Жібек Искаковалар «Кітаптар әлемінде» жобасының бесжылдық шарасын ұйым­дастырған клуб жетекшісі Салтанат Амангелдіқызына шығармашылық табыс тілеп, барша клуб мүшелері атынан ризашылықтарын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір