«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптар
19.02.2024
998
0

Абай облысында «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген кітаптар топтамасының тұсауы кесілді. «Абай жолы» кітапханасы жобасы Жазушылар одағының Семей филиалының ұсынысымен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көріп отыр.

Кітаптар топтамасы жобасын құру Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал етуге, туған өлкемізден шыққан ұлы тұлғаларымыз бен ақын-жазушыларымыздың туындыларын қайта жаңғыртып шығаруға, қаламгерлеріміздің атын әйгілеуге, көркем әдебиет арқылы жастарды рухани әлемге тәрбиелеу­ге бағытталған. Жинақтарды оқуға қызығушылық танытқан оқырман қауым алдағы уақытта бұл кітаптарды Семей өңірі кітапханаларынан және цифрлы нұсқасын ҚР ҰЭК қорынан тауып оқи алады.
Топтаманың алғашқы басылымы ретінде Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан әрқайсысы 500 данадан 16 кітап (жалпы жиыны – 8000 дана) жарыққа шықты. «Шығармалардың жарық көруі жолында аянбай еңбек еткен Арап Сіләмұлы бастаған редакция алқасына рақмет айтамыз», – дейді аймақ қаламгерлері.
Шараға кітап авторлары Бауыржан Жақып, Тұрсын Жұртбай, Айгүл Кемелбаева, Думан Рамазан, Толымбек Әбдірайым қатысты. Ұйымдастырушылар тұсаукесер жиынының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Абай облысының Мәдениет басқармасына, Абай атындағы кітапхана ұжымына, Абай облыстық Семей театрына, «Дариға-ай» жастар театры ұжымына, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясына алғыс білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір