«Түркі әлемі әдебиеті» сыйлығы табысталды
07.10.2025
109
0

26 қыркүйекте қаламгер, ағартушы Ысмайыл Ғаспыралының «Тілде, ойда, істе бірлік» ұранын ұлықтау мақсатында «Түркі әлемі әдебиеті» (балалар әдебиеті) сыйлығы табысталған салтанатты шара өтті.

«Түрік тіл қоғамы» ұйымдастырған жиын Ататүрік мәдениет, тіл және тарих жоғары мекемесінің Билкент кампусында өтті. Іс-шараға «Түрік тіл қоғамының» төрағасы, профессор Осман Мерт, ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысты.
Биылғы сыйлық иегерлері қатарында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан бар. Аталған сыйлықты бұған қоса Әзербайжан елінен профессор Захид Халилов, Қырғызстаннан профессор Сүлейман Рысбаев, Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан Шырын Зафержұлдызы Заимағоғлу, Өзбекстан Республикасынан Миразиз Азам иеленді. Өткен жылы аталған сыйлықты Қазақстаннан белгілі жазушы Дәурен Қуат иеленген болатын.
«Түрік тіл қоғамының» төрағасы, профессор Осман Мерт өз сөзінде түркі әлемінің ортақ құндылықтарын сақтау­дың және балалар әдебиетін дамытуға үлес қосатын туындыларды қолдаудың маңызын атап өтті.
Айта кетейік, «Түрік тіл қоғамы» 2022 жылдан бері табыстап келе жатқан бұл сыйлық түркі әлемінің әдебиет саласында ортақ мәдени сананы қалыптастыруды және сапалы балалар әдебиеті шығармаларын қолдауды көздейді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір