«Қалам қуаты» арнайы сыйлығы табысталды
14.01.2025
110
1

Атырау облысы әкімдігі, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Қалам қуаты» арнайы сыйлығының марапат­тау рәсімі өт­ті.

Аталған сыйлық кейінгі үш жылдың ішінде шығармашылықта өнімді еңбек етіп, облыстық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы атанған, облыстық, республикалық және шетел баспасөз бет­терінде мақалалары жарияланып, елдің мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласқан қаламгерлерге табысталды. Комиссия шешімімен 30-ға жуық үміткердің ішінен 11 дарын иесі іріктеліп, арнайы сыйлықтармен марапат­талды. Жұмекен Нәжімеденов атындағы арнайы сыйлық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қадір Жүсіпке, Марат Отаралиев атындағы арнайы сыйлық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жаңабайға, Зейнолла Қабдолов атындағы арнайы сыйлық ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекет Қарашинге, Хамит Ерғалиев атындағы арнайы сыйлық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Таңатар Дәрелұлына, Сәтімжан Санбаев атындағы арнайы сыйлық белгілі балалар ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Дәулетовке, Әбу Сәрсенбаев атындағы арнайы сыйлық белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлзада Ниетқалиеваға, Меңдекеш Сатыбалдиев атындағы арнайы сыйлық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Маржан Ершуге, Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытгүл Бабашқа, Есенжол Домбаев атындағы арнайы сыйлық белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытгүл Сәрмековаға бұйырса, «Үміт» арнайы сыйлығын ақын Арман Жайықбаев пен ақын Асланбек Шығыров еншіледі.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 14.01.2025 | 17:42

Дұрысы «арнайы» ма, «арнаулы» ма?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір