«100 кітап» сауалнамасының қорытындысы
19.08.2025
418
1

Мемлекет басшысы Атырауда өткен III Ұлттық құрылтай отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деген еді. Президент тапсырмасына сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып атап өтілді. Осы мерекеде қазақ әдебиетін кеңінен насихаттауды көздейтін жаңа жоба – «100 кітап» сауалнамасы басталып, Абай күні қарсаңында аяқталды. 3 айға созылған «100 кітап» жалпыұлттық жобасына 100 мыңнан астам адам қатысып, өз таңдауын жасаған. Бұл жоба биылдан бастап тұрақты түрде жалғасын тауып, тізім жаңартылып отыратын болады. Бастамаға белгілі қаламгерлер мен сарапшылар да атсалысып, дауыс берді. Төменде таңдаулы 100 кітаптың тізімін ұсынып отырмыз:

1. Абай Құнанбайұлы Өлеңдері мен қара сөздері
2. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек»
3. Міржақып Дулатұлы «Бақытсыз Жамал»
4. Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек»
5. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу»
6. Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
7. Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
8. Ілияс Жансүгіров «Құлагер»
9. Сәкен Сейфуллин «Асау тұлпар»
10. Мұхтар Әуезов «Абай жолы»
11. Максим Зверьев «Кладовая чудес»
12. Сәбит Мұқанов «Менің мектептерім»
13. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан»
14. Ғабиден Мұстафин «Дауылдан ке­йін»
15. Әбу Сәрсенбаев «Ақша бұлт»
16. Әбділдә Тәжібаев «Аралдар»
17. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
18. Қасым Аманжолов «Дариға, cол қыз»
19. Дмитрий Снегин «Утро и два шага в полдень»
20. Қалижан Бекхожин «Кешкі жаңғырық»
21. Сат­тар Ерубаев «Менің құрдастарым»
22. Ілияс Есенберлин «Көшпенділер»
23. Хамит Ерғалиев «Шер толғау»
24. Иван Шухов «Пресновские страницы»
25. Тәкен Әлімқұлов «Қараой»
26. Жұбан Молдағалиев «Кісен ашқан»
27. Әзілхан Нұршайыков «Махаббат қызық мол жылдар»
28. Сырбай Мәуленов «Алыс кетіп барамын»
29. Кемел Тоқаев «Түнде атылған оқ»
30. Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін»
31. Морис Симашко «Емшан»
32. Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер»
33. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
34. Қуандық Шаңғытбаев «Ар»
35. Ғафу Қайырбеков «Жұлдызды тағдырлар»
36. Қалтай Мұхамеджанов «Көктөбедегі кез­десу»
37. Нәсіреддин Сералиев «Дәукен атаның немерелері»
38. Әнуар Әлімжанов «Возвращение учителя»
39. Мұқағали Мақатаев «Аманат»
40. Болат Жандарбеков «Саки»
41. Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
42. Ақан Нұрманов «Құланның ажалы»
43. Әкім Тарази «Қорқау жұлдыз»
44. Сафуан Шаймерденов «Инеш»
45. Герольд Бельгер «Дом скитальца»
46. Сәкен Жүнісов «Ақан сері»
47. Оспанхан Әубәкіров «Ымды білесіз бе?»
48. Сағи Жиенбаев «Бақ құсы»
49. Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақ­станым!»
50. Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»
51. Тұманбай Молдағалиев «Қош, көктем!»
52. Қадыр Мырза-Әли «Ой орман»
53. Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»
54. Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш»
55. Олжас Сүлейменов «Аргамак»
56. Марфуға Айтхожина «Аққу жүрек»
57. Төлеген Айбергенов «Бір тойым бар»
58. Әнес Сарай «Ақ тымық күн»
59. Асқар Сүлейменов «Бесатар»
60. Өтежан Нұрғалиев «Соғыстың соңғы жазы»
61. Әбіш Кекілбайұлы «Үркер»
62. Фариза Оңғарсынова «Дауа»
63. Мұхтар Мағауин «Аласапыран»
64. Кәдірбек Сегізбаев «Беласқан»
65. Исраил Сапарбай «Аққу арман»
66. Бексұлтан Нұржеке-ұлы «Әй, дүние-ай»
67. Софы Сматаев «Елім-ай»
68. Дулат Исабеков «Қарғын»
69. Қажығали Мұханбетқали «Тар кезең»
70. Төлен Әбдік «Парасат майданы»
71. Мұхтар Шаханов «Танакөз»
72. Оралхан Бөкей «Атау кере»
73. Жәркен Бөдеш «Жұлдызтас»
74. Ақұштап Бақтыгереева «Ана әлдиі»
75. Темірхан Медетбек «Көк түріктер сарыны»
76. Жұматай Жақыпбаев «Ләйлә»
77. Кеңшілік Мырзабеков «Іңкәр дүние»
78. Күләш Ахметова «Құт»
79. Валерий Михайлов «Хроника великого джута»
80. Тынымбай Нұрмағанбетов «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс»
81. Смағұл Елубай «Ақ боз үй»
82. Иранбек Оразбаев «Қорқыт­тың көрі»
83. Нұрлан Оразалин «Жетінші құрлық»
84. Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын»
85. Дидахмет Әшімханұлы «Самырсын сазы»
86. Несіпбек Айтұлы «Дариға дәурен»
87. Серік Ақсұңқарұлы «Адам ата — Һауа ана»
88. Мейірхан Ақдәулетұлы «Дәруішнама»
89. Әлібек Асқаров «Өр Алтай, мен қайте­йін биігіңді»
90. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ақшам хат­тары»
91. Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап»
92. Таласбек Әсемқұлов «Талтүс»
93. Рақымжан Отарбаев «Біздің ауылдың амазонкалары»
94. Есенғали Раушанов «Бозаңға біткен боз жусан»
95. Тұрсынжан Шапай «Қазақтың жаны»
96. Ғалым Жайлыбай «Жаратқанның жазуы»
97. Жүсіпбек Қорғасбек «Жансебіл»
98. Светқали Нұржан «Ай таранған түн»
99. Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»
100. Гүлнар Салықбай «Жан»

ПІКІРЛЕР1
Аноним 20.08.2025 | 11:15

Сіздер Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» романын оқыған боларсыздар. Сол романда Жорға Күрең деген кейіпкер бар ғой. Тіл саясаты комитетіндегі Ербол Тілешов тура соның сұрпынан екен. Сұрқы да, құлқы да соған келеді. Тек бас қамын, пайдасын ғана ойлайтыны көзінен көрініп тұр. Тіл туралы бірдеңе деу керек болса, тіл саясаты комитетінен осыны жұмсай салады. Бұл жымсиып сөйлейді. Сонымен іс бітеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір