Қазақ балалар әдебиетін дамыту туралы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуы мен балалар әдебиетінің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы маңызды бағытты ескере отырып, Қазақстан Жазушылар одағы мен балалар әдебиетін дамытуға бағытталған «Өркен» қоғамдық қоры 2025 жылы «Алматының жас жазушысы – 25» байқауын ұйымдастырды. Байқауға көптеген балалар мен жасөспірімдер қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл тәжірибе Қазақстанның басқа да өңірлерін кеңінен қамтуға және байқауды республикалық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
Балалар әдебиетін дамыту ісінде жетекші рөлді Қазақстан Жазушылар одағы атқаруы тиіс. Ересек қаламгерлерді жасөспірімдер мен жастарға арналған әдеби шығармалар жазуға ынталандыру қажет. Сонымен қатар қазіргі Жазушылар одағы мүшелерінің орнын басатын жас қаламгерлер буынын қалыптастырып, тәрбиелеу — аса маңызды міндет. Мақсат – балалар әдебиетін арқау еткен туындыларымен ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де танымал жаңа жазушылар шоғырының қалыптасуына жол ашу.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Жазушылар одағының хатшылығы төмендегідей ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
I. Байқау және тәжірибе бөлісу
1. 2025 жылдың 23 сәуірде Ұлттық кітап күніне орай өткізілген «Алматының жас жазушысы – 25» байқауының нәтижелері назарға алынсын. Бұл тәжірибені республика бойынша таратып, «Қазақстанның жас жазушысы» («Жазушылар одағының мүшелігіне үміткер») атауымен тұрақты түрде өткізу ұсынылсын.
2. Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай
1 тамызға дейін балалар әдебиетін дамытуға арналған жұмыс жоспарын жасап, хатшылыққа ұсынсын.
2025 жылдың тамыз айында балалар мен жасөспірімдерге арналған әдеби шығармаларды насихаттауға арналған семинар, ал қыркүйек айында «Қазіргі балалар әдебиетінің даму болашағы: жанр, стиль, поэтика» атты конференция өткізсін.
Балалар әдебиетіне арналған халықаралық «Ертөстік» сыйлығы тағайындалып, ережесі «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялансын.
II. Байқау тақырыбы, жоспарлау және бақылау
5. 2026 жылы Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына орай, байқау тақырыбы ақын шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне арналсын. Байқау материалдары О.Сүлейменовпен келісілсін.
6. Дүниеден өтіп кетке, сондай-ақ қазіргі балалар жазушыларының толық тізімі жасалып, мерейтойлары есепке алынсын.
7. Қазан айына дейін Жазушылар одағы өкілдіктерінің жұмысын бағалаудың тоқсандық және жылдық жүйесі жасалып, «Өкілдіктер туралы ережеге» енгізілсін.
8. Іссапармен өңірлерге баратын Жазушылар одағы өкілдерінің есептерінде осы шешімнің орындалуы мен байқау жұмыстарының ұйымдастырылу барысы туралы мәлімет міндетті түрде көрсетілсін.
5-қыркүйекке дейін өкілдік жетекшілерінің жұмыс есебі мен байқауға дайындық барысы туралы тұрақты есеп беру кестесі құрылсын (офлайн және онлайн форматта).
Мектеп кітапханаларын жасақтауда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы арнайы бағдарлама жасасын.
III. Аймақтардағы жұмыс және ақпараттық қамту
11. Жазушылар одағының барлық өкілдіктері балалар әдебиетін дамытуға белсенді араласуы қажет:
Өкілдік жетекшілері облыстық мәдениет және білім басқармаларымен, сондай-ақ орталықтандырылған кітапхана жүйесімен (ОКЖ) бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер арасында байқау туралы кең көлемде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізсін;
Байқау туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары, телеарна, радио арқылы кеңінен таратылсын;
Байқау жеңімпаздарын облыс әкімдіктерімен келісіп, лайықты түрде марапаттау;
Қазылар алқасына көрнекті жазушылар мен қоғам қайраткерлері тартылсын.
IV. Байқау форматы және мерзімі
12. Байқау екі кезеңде өтсін:
I-кезең: 2026 жылғы қаңтар–наурыз
Облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) өткізіледі. Қорытындысы Наурыз мейрамы күні, 22 наурызда. Марапаттау рәсімі өткізіледі.
Жұмыстарды қабылдау: 3 қаңтар –
3 наурыз 2026 жыл.
Қазылар бағалауы: 4–14 наурыз 2026 жыл.
Дайындық жұмыстары: 15–20 наурыз
Марапаттау: 22 наурыз
II-кезең: 2026 жылғы наурыз–сәуір
Республикалық деңгейде өткізіліп, жеңімпаздар 23 сәуір – Ұлттық кітап күні марапатталады. Олардың еңбектері байқау ұйымдастырушыларының сайтында, газет-журналдарда жарияланады.
Қазылар бағалауы: 24 наурыз – 11 сәуір
Ұйымдастыру жұмыстары: 14–22 сәуір
Марапаттау: 23 сәуір, Астана қаласы
V. Балалар әдебиеті жөніндегі комиссия құрылсын.
13. Жазушылар одағы құрамында Балалар әдебиетін дамыту жөніндегі комиссия құрылсын. Оның басты міндеті – барлық кеңестердің балалар әдебиетін дамыту бағытындағы жұмысын біріктіру және үйлестіру. Комиссия төрағасы болып Мәди Нүсіпбаев тағайындалсын.
14. Комиссияға байқауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары толықтай жүктелсін. Сонымен қатар, «Қазақстанның жас жазушысы» («Жазушылар одағы мүшелігіне үміткер») мәртебесін енгізу жұмысы да осы комиссияға тапсырылсын.
VI. Жаңа бағыттар және ынталандыру
15. Комиссияға балалар әдебиетін дамытуда келесі жұмыстар тапсырылсын:
Аудиокітаптар, анимациялар, мультфильмдер мен деректі фильмдер
дайындау;
Республикалық телеарнада Балалар әдебиетін насихаттауға арналған бағдарлама жасалсын.
Байқау жеңімпаздарын «Жазушылар одағы мүшелігіне үміткер» ретінде ұсыну;
Балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қаламгерлерді марапаттарға ұсыну.
16. 1-қыркүйекке дейін Балалар әдебиеті кеңесінің жұмысын талдау, жүйелеу тапсырылсын.
17. 1-қыркүйекке дейін Жазушылар одағы жанындағы барлық кеңестерге қатысты Ережелер немесе олардағы өзгерістер дайындалып, хатшылыққа ұсынылсын.
VII. Ынталандыру және марапат жүйесі
18. 10-қыркүйекке дейін жазушылардың қоғамдық жұмысын бағалау критерийлері әзірленіп, сайтта, газетте жариялансын. Бұл талаптар негізінде марапаттау, стипендия және грант бағдарламалары дайындалып, хатшылық қарауына ұсынылсын.
19. Балалар әдебиеті саласында ерекше еңбегі бар қаламгерлерді мемлекеттік марапаттарға ұсыну Балалар әдебиеті жөніндегі комиссиямен келісілген түрде жүргізілсін.
20. 15-тамызға дейін «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» байқауын жыл сайын өткізу туралы Ереже әзірленсін.
1-қыркүйекке дейін «Үздік балалар жазушысы» атты жыл сайынғы марапаттау рәсімін бекіту туралы ұсыныс әзірленсін.
«Қазақстанның жас жазушысы», «Үздік балалар жазушысы» мүсіншелері жасалсын. Осы байқауда жүлдегер болған талапкерлердің кітаптары «Үкілі үміт» сариясымен жарық көрсін.
VIII. Сайт және серіктестік
23. Жазушылар одағының ресми сайтының мазмұны мен құрылымы жаңартылсын.
Ресми сайтта балалар әдебиеті жөніндегі кеңестің арнайы бөлімі ашылсын.
24. Байқауды өткізу барысында демеушілерді тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілсін.
Осы хатшылық шешімі барлық облыстық филиалдарға жолданып, толық әрі нақты орындалуы міндеттеледі.
ПІКІРЛЕР3