«ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТҮРІКТАНУ»
13.05.2016
1782
0

КонференцияЖақында Түркістан қаласында әдебиет сыншысы, ғалым, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің шығармашылығының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған «Құлбек Ергөбек  және қазіргі түріктану» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференция Қожа Ахмет Иассауи атын­дағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық  ұйымы), Халықаралық Түрк Академиясы, Қазақстан Жазушылар одағы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ААҚ, Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйым­дастырылды.

Конференцияға түркі әлемінің Түркия, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан, Татарстан, Қарақалпақстан, Хакасия, Саха секілді мемлекеттерінен түркі халықтарының әр түрлі мәселелерін ортаға салуға 100-ден аса әйгілі ға­лымдары, академиктері, түркология алыптары мен Өмірзақ  Айтбайұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Дулат Исабеков, Көпен Әмірбеков секілді және тағы басқа қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір