«Мерейлі отбасы» – мемлекет іргетасы
17.09.2024
111
0

Биылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мәреге жетті. Он жыл бойына өтіп келе жатқан байқауға осы жолы да лайықты әулеттер қатысты.
Жалпы, байқаудың жергілікті кезеңдерінде 3 мың 369 отбасы қатысып, бақ сынаған екен. Қорытынды кезеңде 49 бала асырап отырған қостанайлық Шукуровтар отбасы мен отбасындағы 26 адамның барлығы теміржол саласында еңбек ететін алматылық Қапышевтар әулеті топ жарып шыққан. Осы екі әулет «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары атанып, арнайы дипломдармен қоса, 1 млн теңгелік сыйақыға ие болды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір