«Дала қасқырлары» дара шықты
02.08.2024
85
0

Ел мәдениетін жаһанға танытуға қазақ киногерлері де елеулі үлесін қосып отыр. Бұған дейін Шанхайдағы халықаралық кинофестивальде режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» картинасы топ жарып, отандық киноның мәртебесін өсірген болатын. Осы жеңіс жұғысты болып, мұхиттың арғы жағынан тағы жағымды хабар жетті.

Режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқырлары» фильмі Канада елінде өткен кинофестивальде үздік кинокартиналар қатарынан көрініп, сыншылардың жоғары бағасына ие болды. Осы фильмде басты рөлдерді сомдаған актерлар – Берік Айтжанов пен Анна Старченко фестивальдің үздік актерлері ретінде танылған екен.
Ал картина операторы Еркінбек Пітірәлиев халықаралық Оскар киноакадемиясының мүшелігіне қабылданды. Қуаныштысы, Еркінбек «Оскар» сыйлығына дауыс беруге қатысатын алғашқы қазақстандық болып отыр.
Айтпақшы, «Дала қасқырлары» фильмі қоғамдағы өзекті тақырып – адам саудасымен күреске арналған. Кино биыл тағы бір жоғары марапатқа ие болған еді. Францияда өткен «Reims Polar 2024» кинофестивалінде сыншылар «Дала қасқырларын» жоғары бағалаған болатын. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір