«Түтін» шықты
28.08.2026
56
0

Ширмединнің Бауыржаны – байтақ елге ең әуелі айтыс ақыны, сосын жазба ақын ретінде танылған азамат.

Біраз жылдан бері Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің редакторы болып қызмет атқарып келе жатқан қаламгердің жақында Орал қаласындағы «ШұғылаПринт» баспасынан «Түтін» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл – аувтордың алғашқы публицистикалық жинағы. «Түтінге» әр жылдары аудандық, облыстық және республикалық газеттерде жарық көрген мақалалар мен эссе-очерктер топтастырылған. Тарихи-танымдық һәм тағылымдық мән-маңызы айтулы кітапты оқыған кісі өкінбесі анық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір