Кәмел аға – кемел аға
10.02.2023
582
0

Белгілі қаламгер, жазушы, ғалым, музыкатанушы, қоғам қайраткері Кәмел Жүністегі 84 жасқа қараған шағында атақонысы Ақсу-Аюлыда өмірден өтті. Ол – қызмет жолын қарапайым мұғалім болып бастап үлкен қоғам қайраткеріне айналған тұлға. Тар заманда қазақтың жоғын жоқтап, ұпайын түгендеуге тырысты.
Кәмел Жүністегі – 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, 1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түскен. 1962 жылы қазақ жастары жасырын ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967-84 жылдары мектепте мұғалім, 1984-88 жылдары оқу бөлімінде, «Білім» қоғамында (1988), 1989-92 жылы мұражайда қызмет еткен. 1992 жылдан «Заман» газетінде редактор. Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген Кәмел Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған. 1960 жылы Қарағанды Педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ асқақ қиял жетегінде жалынды жас К.Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді. 1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған. Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген. Сол 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 жылдары аудандық «Заман» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Ұлы пайғамбар жане ұрпақтары», «Шырағдан», «Қоңыр Құлжа», «Мөрші», «Арманым оттан өрілген», «Едіге», орыс тілінде «Вожак» «Адам, қайда барасың?» кітаптарының, «Құба белдер» трилогиясының, «Тар заман» спектаклінің авторы. Зерттеу барысында құрастырып, жазған кітаптары: «Бір ауыз сөз», Шортанбай жырау «Қай заман», Хазірет Әлі «Меруерт қайнар». Әуесқой композитор ретінде танымал «Арқа самалы», «Аяулым», «Домбыра», «Туған жер», «Жаз келді», «Жас Алаш», маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Кәмел Жүністегінің артына қалдырған мол мұрасы, зерттеу еңбектері алдағы уақытта өз халқының игілігіне қызмет ете беретініне еш күмәніміз жоқ.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма басшылығы

НАМЫСТАН ЖАРАЛҒАН ЖАН ЕДІ

Күні кеше ғана оттан көйлек кигендей бар шаруаны өзі тындырып, үлгермесе ішкен асы бойына батпайтындай тыным таппай жүрген қайран Кәмкең, аға-дос Кәмел Жүністегі де келмеске бет бұ­рыпты. Жарық дүниеге келген жанның бәрінің де түпкілікті мәңгі мекені осы – бақи дүние екенін мойындасақ та, жақсының жаныңда жүре тұрғанын қалайтының, оралмас сапарға қимайтының бар. Қанша қиналсақ та, қанша қимасақ та, табиғат заңын пенде шіркін өзгерте алмас, мойындамасқа лажың жоқ.
Оның Құдай жаратқандағы жан жүрегіндегі ең ай­дар­лы қасиеті – қандай жағ­дай болса да өзгермейтін, ешқандай күш бұлжыта ал­майтын ұлтжандылығы бола­тын. Кәмкең «Аңыз мезгіл», «Апат», «Заман желі» романдарынан тұратын «Құба белдер» триологиясы бола ма, бірінен кейін бірін туындатқан «Едіге», «Соңғы абыз» романдары бола ма, повесть әңгімелері бола ма, тіпті өзі бар ғұмырын өткізген Шет ауданы ғана емес, бүкіл Арқа төсінің келбетін көз алдыңа елестететін «Тасқа тұнған құ­пия» атты кітап-альбомы бола ма, ескіше-жаңаша ай ат­тарын, күннің сәті, жыл атау­лары мен уақыт мерзімдері туралы бола ма барлық шығармасында өз ұлтын, туған жерін сүйе білудің үлгісін көрсеткендей сезілетін.
Кәмкең үйінің үлкен бір бөлмесін мұражайға айналдырып қойғанын да көріп едік. Ең алдымен қазақтың қазақтығын танытып, ұлттық брендімізге айналған домбыраның бірнеше түрін жинапты. Алты өрімнен бастап, сілтегеннің жанын алар дырау қамшыға дейін, ертоқым түрлері, ат-әбзелдерінің, қару-жарақтардың түр-түрі бәрі де – қазақ өмір салтының қыр-сырын танытуға арнал­ған экспонаттар.
Халқымыздың далалық ақын­дық өнерінің жарық жұлдыздары: Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын тағы басқаларды кеңестік идеологиялық саясат «зар заман» («тар заман» десе бо­лар) ақындары деп күсталан­ған қасиетті де, тума дарын иелері екенін Кәмкең сол кездің өзінде-ақ дәріптеген еді. Шортанбай ақынның бабалас болғаны үшін ғана емес, Шет ауданның тумасы, былайша айтқанда, бір топырақтың төлі болғаны үшін де аудан орталығынан көше бергізіп, мұражайының ашылуына, 200 жылдық мерейтойын ұйымдастырып, өткізуге, ақынның қабірінің басына ескерткіш қоюға ұйытқы болған да Кәмекең еді. «Шортанбай деген кім екен сонша? Дәріптей беретіндей ол не тын­дырыпты?» дейтін ауылдағы кейбір кертартпа ағайындарымен күресе жүріп, осы жұмыстарды Кәмкеңнің атқарғаны анық.
Кәмел Жүністегін – кү­рес­кер десе болар. Оның өмір жолын қалтарыс-бұлта­рыс­сыз өтті деуге мүлде болмас еді. Тіпті 7-сыныпта оқып жүргенде мұғалімі Бұқар жы­рау, Шортанбайларды «бай-болыстарды мақтаған ақын­дар» деп жамандаған кезде, бұл шіркін: «Олар бай-болыстарды мақтаған емес» деген сөзі үшін алғаш рет педкеңесте талқыға түс­кен­де де, «Олардың өлеңдерін қайдан білесің?» деген сауалға «Себебі, мен олардың өлеңдерінің біразын бір қариядан естіп, жаттап алғанмын» деп жауап берген ғой. Ал 9-сыныпта жүргенде «Дарвинизм ілімі бойын­ша адам маймылдан жаралған» дегенге тағы да қарсы шығып, «Маймылдан адам жаралыпты дегенді естіген біреу бар ма ек­ен?» деп басы бәлеге қалады.
Өлкеге тың игерушілер қара нөпір болып төгілген кездегі қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда, әскери борышын өтеп келген Кәмкең ниеттес досы Зейнолла екеуі Компартияның «сара жолынан» тайып бара жатқандығын естеріне салу үшін есебін тауып облыстық комитетке кіреді де, КГБ-ның назарына бірден ілігеді. Одан кейінгі «ЕСЕП» – елін сүйген ерлер партиясын құру, әділдік үшін күреске шақыратын «Жас қазақ» ұйымын өмірге келтіру, Семей полигонын жаптыру сияқты «теріс пиғылы» көрініп тұрған істері үшін түрмеге жабылып, ұрып-соғуды, қорлауды көріп бағады. Иә, ол күреске арна­ған ғұмырында «қазан төңкерісін жасау үшін ақ патша үкіметінің жазалауын көрген, революционерлері мен Алаш арадагерлерінің азабын тартқаны рас.
Қайраткер, жан-жақты ізденімпаз, қарымды қаламгер, өнертанушы Кәмел Жүністегі ағамыздың күрескер жаны жай тапты. Оған артың кеніш, алдың пейіш болсын дей отырып, еліңде өзіңе тартқан ұлдар көп бола берсін дегім келеді.

Кәдірбек СЕГІЗБАЙҰЛЫ,
жазушы, ҚР Мемлекет
сыйлығының иегері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір