АҢЫЗ ҒҰМЫР
20.12.2022
351
0

Алматының төрінде – М.Әуезов атындағы Қазақтың академия­лық драма театрында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, Мемле­кеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ақиқат пен аңыз» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті.

Кешті ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашты.
Ары қарай Нұрдәулет Ақыш бастаған ізбасарлары сөз алып, жиылған қауымға қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертті. Қаламгердің мол мұрасын насихаттау және Алматы қаласында халықтың сүйікті жазушысының ескерткішін ашу сынды ұсыныстар ортаға салынды.
Еске алу кеші ары қарай «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасы негізіндегі спектакльдің үзінділеріне және эстрада жұлдыздарының концертіне ұласып, Нұрғали Нүсіпжанов, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Гүлнұр Оразымбетова, «Қоңыр» тобы, Мәдина Сәдуақасова, «Ағайындылар» тобы, Мирас пен Құралай және бишілер тобы өнер көрсетті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір