«ӨЛКЕ» БАСПАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА СЫЙЫ
12.09.2022
528
0

«Өлке» баспасы «Жасөс­пірімдер кітапханасы» айдарымен биыл балаларға арнап белгілі орыс жазушысы әрі мысалшысы И.А.Крыловтың 47 мысалын орыс және қазақ тілінде 219 беттік қомақты кітап етіп ұсынып отыр. Бұл басылымның құрастырушысы – Бағдагүл Мұқанова. И.А.Крыловтың мысалдарын әр жылдары Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Спандияр Көбеевтердің аударғаны белгілі. Кітапқа Абай аударған 12 мысал еніпті. Әсіресе Құнанбайұлы аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне дәлме-дәл келеді. Сондай-ақ жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар­лар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Ахмет Байтұрсынұлы да орыс жазушыларының туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарды. Осы кітап­қа Ахаң аударған Крыловтың 38 мысалы кіріпті. Ал Спандияр Көбеевтің 4 мысалы ғана қосылған.
Қорыта айтқанда, бұл кітапта орыс жазушысы һәм мысалшысы И.А.Крыловтың мысалдарын және осы түпнұсқаның Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Спандияр Көбеев аудармаларымен қатар қойып шығарудағы баспаның негізгі мақсаты – түпнұсқа мен мәтіннің қазақ тіліндегі аудармасын салыстырып оқу арқылы балалардың мысалдарды терең түсінуіне мүмкіндік жасау екені белгілі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір