Жолдау жүктеген маңызды міндет
17.03.2022
576
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялап, елімізді саяси- экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарын ұсынды, бірқатар маңызды міндеттер қойды, бірқатар бастамалар көтерді. Бұл жолдау ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

Ерекше эмоцияға бөлейтін, ұлттық рухты оятатын, үлкен өзгерістерге бастайтын, жаңа серпін және жаңа екпін беретін бұл жолдауды тарихи жолдау деп айтуға болады. Жолдауда саяси мәселелер, оның ішінде сайлау жүйесі, құқықтық жүйе, ел өңірлерін дамыту секілді мәселелер көтерілді.  Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды.  

Жолдау – стратегиялық құжат. Ондағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда.

 Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, бұл жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстан дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын.

 Айгүл САДЕНОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  жоғары оқу орнына дейінгі
білім беру факультетінің профессоры

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір