«АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ АҚИҚАТЫ…»
13.11.2015
1753
0

377498_2025988369________________________________________01

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған жабық бәйгенің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл басында іргесін Жәнібек пен Керей ба­­баларымыз қалаған Қазақ хан­ды­ғы­ның 550 жылдығын мемлекеттік дең­гей­де атап өту жөнінде арнайы нұсқау берген болатын. Мемлекет басшысы өзінің Ұлы­тау төрінде берген әйгілі сұхбатында: «Қа­зақ хандығы біздің еліміздің түп-та­мыры. Бұл – тұңғыш мемлекетіміздің бо­­­ла­шағын белгілеген үлкен тарихи оқи­ға. Біз үшін болашағымызға бағдар ете­тін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға же­телейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идея­сы – Мәңгілік Ел», – деп, тамыршыдай тап басып, көпшіліктің көкейінде жүр­­ген арман-тілекті қасиетті топырақта тү­лет­кен.

Осы рухты сөзден қуат алған ұлы той Қа­зақстанның барлық аумағында лайық­ты аталып өтті.

Алыс-жақын шетелдерден келген жан­дардың жанарына жас үйірген Астана мен Тараздағы салтанаттың жөні бір бас­қа. Елбасының қара орман жұртына қа­ратып: «Біз кеше ғана пайда болған қалған ха­лық емеспіз. Қазақ хандығы бұдан бес жа­рым ғасыр бұрын шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған ар­ғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мем­ле­кет­те­рінің, бергі заман­дағы Ұлы түрік қа­ған­дығы, Дешті Қып­шақ пен Алтын Орда мем­лекет­те­рінің заңды мұрагері болды. Та­за түр­кілік заманы­мызға зер салар бол­сақ, әйгілі Рим империясы құлап, Еу­ро­падағы осы күнгі мемлекеттердің нобайы да әлі қалыптаса қоймаған, ал Қытайда үш пат­шалық пен алуан әулет өзара қыр­қысып жатқан
VІ ғасырда – 552 жылы Алтайда Ұлы түрік қағанаты ат­ты қуат­ты, күшті мемлекет дүниеге кел­ді. Ол небәрі жарты ғасыр ішінде Ал­тай мен Кавказ арасын­дағы алып далада жеке дара билік жүр­гізді. Дәуірлеп тұр­ған кезінде Византия мен Ираннан, Қы­тайдың екі патшалы­ғы­нан алым алған ер Түріктің берекесі кетіп, өз ішінде би­лік­­ке талас баста­ған­­да, әуелі батыс және шы­­ғ­ыс болып ажырап, кейін оғыз, қар­лұқ, қыпшақ болып бө­лініп, жауларына жем болды. Бұл – тарих! Тарихтан сабақ алу – парыз! Біз бұл ұлы жиын­ды, әсіресе, ұл-қыз­да­рымыз, келе жатқан жас ұрпақ өз та­рихын терең білсе екен деген мақсат­пен жасап отырмыз», – де­­ген рухты сөз­дері те­гін айтылмаса ке­рек.

Осынау ұлт пен ұлыс­­ты біріктірген та­рихи сәттен Қа­зақ­стан Жазушылар ода­ғы да сырт қалған жоқ. Ерте көктемде «Еуразиялық Топтың» қаржылай қол­дауы­мен үш жанр бойынша (проза, поэзия, драматургия) «Алаш та­рихының ақи­қаты» атты жабық бәйге жа­риялан­ған еді. Бұл – Тәуелсіздік дәуі­рінен бергі ке­зең­дерде жарияланып отыр­ған ең үлкен әдеби жоба.

Өткен жұма күні Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қа­зақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алаш тарихының ақи­қаты» атты жабық бәйгенің жеңімпаз­да­ры Гала-концерт пен салтанатты жиын­­да ресми түрде марапатталды.

Салтанатты жиынға Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының тө­рағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақ­стан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мә­сімов, Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік хатшысы Гүлшара Әбді­халықова ресми түрде қаламгер­лерге өз құттық­тау­ларын жолдаған. Астанадан жеткен ыстық ықыласты құттықтаулардың бәрін рет-ретімен қалың көпшілікке Қазақстан Жазушылар одағының төр­ағасы, Парламент Сена­тының депутаты Нұрлан Оразалин арнайы оқып берді. Сондай-ақ, Нұрлан Мырқасымұлы осы айтулы әдеби бәйгенің басты ұйымдас­ты­рушысы ре­тінде қалың қауымға жүрек­жарды тілегін былай жеткізді: «Бүгінгі бас қосу Жазушылар одағының құрамындағы 700 қа­лам­­гердің ғана тойы емес. Көркем әде­биетті біз өзіміз үшін емес, оқырман үшін, қазақ халқы үшін жазамыз. Сондай айтулы бәйгеге қомақты қаржы бөліп, мұ­рындық болған – «Еуразиялық Топ». Қа­зақ руханиятына қамқорлық жасау осы бәйгемен аяқталмайды. Келешекте де мұндай демеушілік жалғасын табады деп сенеміз. Демеушілікпен өтіп отырған шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы да қазіргі таңда осы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәйге болды. Бәйгеден тыс қалған адам жоқ. Атын қос­қан да, аты озған да биіктен көрінді. Қай­ғысы мен қасіреті қатар жүрген, қуа­нышы мен шабыты қатар өрбіген Алаш дейтін елдің ұлы ұрпағымыз. Той барша­ла­рыңызға құтты, қайырлы болсын!».

Қазақстан Республикасы Мәдениет жә­не спорт министрі Арыстанбек Мұха­ме­диұлы қаламгерлер мен зиялы қауым­ды Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтіп отырған қомақты әдеби шарамен арнайы құттықтап, үстіміздегі жыл­дың Қазақстан жұртшылығы үшін аса маңызды, саяси, мәдени, рухани сипаты жо­ғары айтулы шараларға толы болға­ны­на тоқталды. Сол шаралардың ең шоқ­­­тықтысына қаламгерлеріміздің өз шы­­ғармаларымен үн қосқаны үшін жү­рек­жарды ықыласын білдіріп, Үкімет бас­шысының арнайы сәлемін жеткізді. Өз тарапынан бәйге жеңімпаздарына сәт-сапар тіледі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев «Алаш тарихының ақи­қаты» атты бәйгенің жеңімпаздарына жол­данған қала әкімі Бауыржан Бай­бек­тің ыстық ықыласын жеткізді.

«Алаш тарихының ақиқаты» атты жа­бық бәйгенің бас демеушісі «Еуразиялық Топ­тың» Басқарма төрағасы Алдияр Қаз­таевтың ресми құттықтауын «ERG Комек» корпоративтік Қорының атқарушы директоры Болат Оразов ресми түрде оқып берді.

«Хас-Сақ» этнографиялық ансамблі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Талғат Күзембаев, ҚР мәдениет қайраткері, көрнекті сыбызғышы Тал­ғат Мұқышев, белгілі қобызшы Саян Ақмолда, әнші Ұлту Қабаева, т.б. әнші-күйшілердің қатысуымен, қазақ батырлары сап түзеп, мың бұралған қыздар қымыз сапырған салтанатты жиында жеңімпаздар мен жүл­де­герлерге арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйлық тапсырылды. Жабық бәйгеге 200-ден аса қаламгер қатысты. Айтулы қаламгерлер мен әдебиет сыншылары, театр қайраткерлерінен құралған Қазылар алқа­сының 11 мүшесіне төрағалық жасаған қазақтың көрнекті қаламгері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбайұлы. Қазылардың шешімімен 28 жазушы, ақын, драматург жеңімпаз атанды. Орын алған авторлардың шығармалары жоғары сапада әсем безендіріліп, «Ан-Арыс» баспасынан екі том болып жарыққа шықты. Қос томды қалың кітаптардың тұсауын кесу мәртебесі Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевқа, Қазақстан Жазу­шылар одағының іргесін қалаған ұлтымыздың ұлы ақыны Ілияс Жан­сүгіровтің ұлы – Саят Жансүгіровке және айтулы бәйгенің әділ қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайрат­кері Кәдірбек Сегізбаевқа тапсырылды. Қос том салтанатты жиын барысында келген қонақтардың бәріне арнайы үлестірілді.

Проза жанры бойынша Бас жүлдеге – Тынымбай Нұрмағамбетов лайықты деп танылды. Ал 1-орынға – Момбек Әбдәкімұлы, 2-орынға – Тұрысбек Сәукетай, Бақытжан Қанапиянов және Қуаныш Жиенбай ие болды. 3-орын – Әділбек Ыбырайымұлына, Төкен Әлжантегіне, Асқар Алтайға және Серік Сағынтайға берілді.

Поэзия жанры бойыша Бас жүлде – Серік Тұрғынбекұлына, 1-орын – Сайлау Байбосынға, 2-орын – Серік Ақсұңқарұлы, Әбубәкір Қайран, Жарас Сәрсек, Бақытбек Бәмішұлы, Қорғанбек Аманжолға берілсе, 3-орынға – Ғалым Әріп, Ескен Елубай, Мыңбай Рәш, Наурызбек Саршаев ие болды.

Ал драматургия жанры бойынша Бас жүлдеге – Иранбек Оразбаев, 1-орынды – Рахымжан Отарбаев иеленді.
2-орынға – Сұлтанәлі Балғабаев, Думан Рамазан, Жолтай Әлмаштегі, 3-орынды – Жәркен Бөдеш, Мағира Қожахметова, Нұрғали Ораз және Кенжебай Ахмет бөлісті.

Сонымен…

Біраздан бері елді, әсіресе, қалың қаламгерлер қауымын елеңдеткен «Алаш тарихының ақиқаты» атты айтулы әдеби жоба өз мәресіне жетті. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалиннің сөзімен айтқанда: «Алаш тарихының ұлы тарауларының бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен аса мәртебелі әдеби ірі шара жүзеге асты. Жүзеге асырған қазақ қаламгерлері болса, шараның жүзеге асуына себепші болған – «Еуразия Тобы». Бұл шара Елбасымыздың жиі айтатын ел тұтастығы мен бірлігін ту еткен Қазақ Елінің – Ұлы Дала Жұртының кешегі таңғажайып тарихын тануға себі қалай тисе, бүгінгі таңдағы табанды күресіміз бен парасатты тарихы қадамдарымызды талдауға да, тануға да солай себі тиері шүбәсіз!.. екені анық.

Жаңа туындылардың бауы берік болсын! Жақсы бастама жалғасты болсын, ағайын!

 Ресми құттықтаулар


Құрметті қаламгерлер!
Қадірлі қатысушылар!

Жазушылар одағының ұйымдастыруымен, «Еуразиялық Топ­тың» (ERG) қаржылық демеушілігімен ұлттық көркем әде­биетімізді қолдау мақсатында Қазақ хандығының 550 жыл­дығына орай жүзеге асқан «Алаш тарихының ақиқаты» атты жа­бық бәйге жүлдегерлерін, осы шараға қатысушы барлық қа­ламгерлер қауымын шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыз белгілеп берген «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру­да орны айрықша саланың бірі – рухани тұтастығымыз еке­ні күмәнсіз. Арғы дәуірлердегі ұлыларымызды түгендеп жат­пай-ақ, бергі ғасырлардағы дамуымызға орасан ықпал ет­кен Абай, Махамбет, Жамбыл бастаған кемел көркемсөзіміз хал­қымыздың өлшеусіз ұлы қазынасы екенін айтсақ та аздық ет­пес.

«Өнер алды – қызыл тіл» дейтін сол ұлы қазынамызды өріс­­тету, қолына қалам ұстаған қауымға қамқорлық жасау із­гі­лікті іс екені сөзсіз.

Сондықтан бұл оқиғаны көпғасырлық ұлы тарихы бар қа­зақ көркемсөз өнеріне жасалған құрмет, Тәуелсіздік дәуірі мен оның алтын бастаулары хақында жазылған озық үлгіні көр­кем туындыларға жасалған қолдау деп бағалауға толық бо­лады.

Мұндай өркенді бастама болашақта да өз жалғасын тауып, «Еу­разиялық Топ» секілді өзге де ұлттық компанияларымыз та­рапынан көркемдік сапасы жоғары әдеби көркем туын­дылардың жазылуына жағдай қарастырылады деген сенім­де­мін.

Шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт тілеймін!

Қ.Тоқаев,
Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының Төрағасы.

Қадірлі қаламгерлер қауымы!

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту ая­­сында Қазақстан Жазушылар одағының «Алаш тарихының ақиқаты» атты шығар­ма­шылық бәй­гесін ұйымдастыруы – игілікті іс бол­ды. Ұлт­тық көркем әдебиетті қолдау ба­ғы­тындағы бәй­генің жеңімпаздарын шын жү­рек­пен құт­тық­тай­мын!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақ хандығы­ның 550 жылдығына арналған салтанатты жиын­да тарихымызға қатысты көптеген өзекті мә­­се­лелерді тарқатып айтты.

Біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі! Сол далада ба­баларымыз ерлік пен елдіктің үлгісін көр­сетіп, ұлы армандарын бүгінгі ұрпаққа ама­нат етті. Тәуел­сіздік – біздің маңдайға біткен ба­ғымыз, мәң­гі аялауға тиіс аманатымыз. Осы ұлы мақ­сат­тарды жүзеге асыруға жұмыл­ды­ра­тын «100 нақ­ты қадам – Ұлт Жоспары» елге жол тартты. Ба­балардың асыл армандары тә­уел­­сіздік тұсын­да барынша орындалып жатыр.

Сіздердің шығармаларыңыз арқылы әрбір адамның бойында ұлтты сүю мен ұлттық рух қа­лыптасады. Соның арқасында еліміз қуатты, мы­ғым, мәңгі елге айналады.

Таланты мен күш-жігерін халқымыздың игі­лігіне арнаған барша қаламгерге алдағы уа­қытта да жаңа шығармашылық табыстар ті­леймін!

К.Мәсімов,
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі.

«Алаш тарихының ақиқаты» атты жабық бәйгенің жүлдегер қаламгерлерін салтанатты марапаттау рәсімінің қатысушыларына!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси шешімінің арқасында мем­ле­кеттік деңгейде аталып өтіліп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы өзінің ша­рықтау шегіне жақындады. Айтулы белестің жыл бойы ұйымдастырылған то­лайым іс-шаралары халықтың рухын айрықша асқақтатып, ел бірлігі мен ын­тымағының жарқын үлгісін жалпақ әлемге паш етуде. Осы тарихи датаның ая­сында өткізілген тағылымды шаралардың бірі – «Алаш тарихының ақиқаты» ат­ты жабық бәйгенің мәні бөлек, мазмұны терең деп білемін.

Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруы арқылы «Еуразиялық Топ­тың» қаржылық демеушілігімен өткен осы қаламгерлер байқауы халықтың та­ри­хи санасы мен ұлттық жадын жаңғыртуда, сондай-ақ, отандық көркем әде­биетті жаңа биікке шығаруда ерекше роль атқарады. Өйткені, осы байқау ба­ры­сын­да қаламгерлер қауымы Мемлекет басшысының Ұлытаудағы ұлағатты сұх­­батында айтылған «қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталатынын, ғұн­дардан кейін Көк түріктерге жалғасатынын, одан кейін Алтын Орда орнығып, әрі қарай хандық дәуірге ұласатынын және біртіндеп бүгінгі Тәуелсіздікке келіп тірелетінін» көркем сөзбен кестелеп жеткізіп, тарихи оқиғалар легін тамаша ше­берлікпен өрнектей білді.

Яғни ұлттық әдеби қорымызды толықтырған жаңа шығармалар бүгінгі жа­сам­паз Қазақ Елінің тарихында Қазақ хандығы аса қуатты мемлекеттік құры­лым ретінде маңызды роль атқарғанын тағы да айшықтай түспек. Ұлы Дала төс­кейінде қанат жайған Қазақ хандығының тарихы жайлы алғаш жазылған Мұ­хаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» және Қадырғали Жалаиридің «Жа­миат тауарих» еңбектері араға бірнеше ғасырлар салып жаңа да танымдық шы­ғармалармен толыққанына қуаныштымын.

Жабық бәйгеде жүлде алған барша қаламгерлерді шығармашылық табыста­ры­мен шын жүректен құттықтаймын! Көркем туындыларыңыз халықтың рухани азығына айналып, жұртшылықты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея­сының айналасына топтастыруға және Қазақ хандығының тарихын те­реңнен тануға деген ықыласын арттыруға сүбелі үлес қосатынына сенемін.

Г.ӘбдіХалықова,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы.

Қадірлі қаламгер қауым!

Биылғы жылдың айтулы оқиғасы – Қазақ хан­ды­ғының 550 жылдығы мерекесімен баршаңызды құт­тықтаймын!

Бүгінгі «Алаш тарихының ақиқаты» атты өнер бәй­­гесінің осы ұлы мерекеге арналып, қазақ мә­де­ние­тінің қара шаңырағы – Жазушылар одағында өтіп жатуы кездейсоқ емес.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты тарихын аты­ның тұяғымен жазып кеткен жер», – деген астарлы ой айтқан болатын. Ендігі жерде Ұлы Даланың сол баба­лар жазған тарихын қағаз бетіне түсіріп, келер ұр­пақ­қа аманаттау бүгінгі ақын-жазушыларымыздың асыл парызы деп білемін.

«Өнер алды – қызыл тіл» дейді дана халқымыз. Осы сөз өнерінің шыңына шыққан, артына сарқылмас мұра қалдырған қаламгерлердің барлығы дерлік біз­дің сүйікті қаламыз Алматыда өмір сүріп, еңбек етті. Сол алдыңғы ағалардың дәстүрін жалғастырушы – бүгінгі буынның шығармаларын насихаттау, көп­шілікке таныстыру, ұлттық көркем әдебиетті қолдау бәріміздің де абыройлы міндетіміз деп ойлаймын.

Бүгінгі «Алаш тарихының ақиқаты» атты бәйгенің мұрат-мақсаты да сол болса керек.

Шеберліктеріңіз шыңдалып, қаламдарыңыз ұш­тала берсін!

Б.Байбек,
Алматы қаласының әкімі.

Құрметті Жазушылар одағының мүшелері!
Құрметті қатысушылар, жиналған қауым!

«Қазақ хандығының 550 жылдығы» – бұл тәуелсіз, егеменді Қазақстанның та­­рихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. «Еуразиялық Топтың» осындай айтулы мерейтойлық шараға өз үлесін қосып отыр­­ғанына шын жүрекпен қуа­ныш­ты­мыз.

«Еуразиялық Топ» Қазақстан халқы­ның ру­хани дамуына қашанда ерекше назар ау­дарып отырады. Жыл сайын еліміздің Пав­лодар, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай өңір­леріндегі мәдениет, білім-ғылым са­ла­сындағы жобаларға қолдау көрсетіп ке­леді.

Қазақстан Жазушылар одағы мен «Еу­разиялық Топтың» арасын көпжылдық та­рихы бар «Шеберлер елі» акциясы бі­рік­тіруде. Аталмыш акция шеңберінде жазу­шылар еліміздің алпауыт кен және металлургия кәсіпорындарында болып, өндіріс орын­дарында еңбек адамдарымен тіл­десіп, сұхбаттасты. Серіктестігі­міз­дің ор­тақ жемісі деп жарық көрген әдеби жи­­­нақтарды атап өтуге болады. Бұл жи­нақтарға ерен еңбегімен қазба бай­лық­тарды ел игілігіне жаратқан шах­тер­лердің, кен­­шілер мен металлург­тердің шығар­ма­лары енді.

Осынау «Алаш тарихының ақиқаты» ат­ты бәйгесі Жазушылар одағы мен «Еу­разиялық Топтың» ынтымақтастығын одан әрі өрбітуге жаңа тыныс берді. Біре­гей бәйгеге еліміздің және шетелдердегі бар­лық кәсіби қаламгерлердің қатыс­қа­ны­на шексіз ризашылығымызды білдіре­міз. Қазақ хандығы мен бабалар рухын көр­кем тілмен кестелеген қаламгерлердің шы­ғармалары жинақ болып басылып шы­ғарылды.

«Алаш тарихының ақиқаты» атты бәй­ге­сінің жеңімпаздарын жеңістерімен құт­тықтаймын! Жаңа шығармашылық же­­­тістіктер тілеймін!

А.Қазтаев,
«Еуразиялық Топтың»
Басқарма Төрағасы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір