Асқар Алтай оқырмандар ортасында
А.П.Чехов атындағы Орталық кiтапханада «Жүз кітап» жобасы аясында жазушы, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,
Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық «Сорос» қоры сыйлығының лауреаты Асқар Алтаймен оқырман конференциясы өтті. Конференцияға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті студенттері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің студенттері қатысты.
Кездесуді ұйымдастырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Жамила Отарбекова. Кеш барысында оқытушылар мен студенттер жазушыға түрлі сауалдар қойды. Жазушы сауалдарға жауап бере отырып: «Әр шығармамда өзімнің прототипім бар. Мысалы, «Алтайдың алқызыл модағайы» романындағы Ұлардың ішкі ой иіріміндегі дүниелер өзімдікі. Соңғы кезде жазылған «Туажат» романындағы кей оқиғалар да өз басымнан өткен жағдайлар», – деді.
Жиын соңында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ләйла Сәбитқызы сөз сөйлеп, қаламгерге шығармашылық табыс тіледі.
Б.Сұлтанова.