Суретшінің жеке көрмесі өтеді
03.03.2017
1256
0

Бүгін, яғни 3 наурызда сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде дарынды жас суретші Қабылбек Аршынның «?» атты жеке көрмесі өтеді.

Экспозицияда кескіндемешінің қырыққа жуық туындылары ұсынылады. Қабылбек Аршын өз суреттерінде адам болмысының мәні, өмірдегі орны, жалпы жан дүние еркіндігі, қоғамдағы өзгерістер мен бүгінгі өмірдің құнсыздануы, жалпы ақиқатқа қол жеткізудегі сан қырлы сұрақтарға жауап іздейді. 1989 жылы ҚХР, Іле-қазақ облысы, Шапшал ауданында дүниеге келген Қабылбек Аршын суретші Жұмақын Қайрамбаевтың шәкірті. Суретші студент кезінен «Шабыт», «Жастар шығармашылығы», «Дарындарға ғасыр бас иеді», «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі», т.б. академиялық, республикалық және халықаралық көптеген фестивальдар мен конкурстық көрмелерге қатысқан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір