ЕСКЕРТКІШ – ТАРИХ КУӘСІ
17.02.2017
1626
0

Түркістан аумағындағы ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру-түсіндіру жұмыстары бойынша Ескі Иқан ауылдық округі әкімі  Х.Муслимовтың ұйымдастыруымен ауыл әкімшілігінің мәжіліс залында тұрғындармен кездесу өтті.

Кездесуге «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тари­хи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. М.Қ.Тұяқбаев, ғылыми қызметкер Б.Байболов, Т­а­рихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің инспекторы А.Кәрім қатысты.
Іс-шара барысында т.ғ.к. М.Қ.Тұяқбаев Ескі Иқан ауылының аумағындағы ескерткіштердің тарихын баяндады. Сондай-ақ, Жүсіп ата кесенесі, қоныстары жайлы, қазіргі таңдағы сақталу жағдайы туралы әңгімелеп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Инспектор А.Кәрім «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы
2 шілдедегі заңымен және де ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарын арнайы әзірленген презентация арқылы таныстырды.Келген ауыл тұрғындарына қорық-музей қорынан «Елдікті танытқан жәдігерлерді қорғау-азаматтық парыз» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауыл орталығында орналасқан ОҚО тарихи-өлкетану мұражайына қарасты «Міртемір әдеби мұражайына» танысу экскурсиясы ұйымдастырылып, қорық-мұражайдың баспа өнімі «Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» тарихи-танымдық жинағының бір данасы сыйға берілді. Қорық-мұражай мен ауылдық округ әкімшілігі арасында ескерткіштерге тұрақты түрде сақтау мақсатында қорғау міндеттемесіне қол қойылды. Ауыл әкіміне қорық-мұражайдың баспа өнімдері «Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» тарихи-танымдық жинағы және «Ясауи мұрасы» газеті сыйға берілді. Қорық-мұражайдың күнделікті жаңалықтары, тың мақалалар, өткізген іс-шаралары жарияланатын аталмыш газетке жазылуға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында ауылдық округ әкімі қорық-мұражай ұжымына тұрғындар атынан өз алғысын білдірді.

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір