Телегей теңіз Марал едің…
10.02.2017
1639
0

Қазақ баспа­сөзіне айтарлықтай еңбек сіңірген, қаламгерлікте үлгі боларлық ізі сайрап жатқан Марал Хасеннің аудармалары, жазбалары және Марал Хасен жайындағы естеліктер мен пікірлер енген бұл жаңа кітап Қарағанды қала­сында баспа бетінен жарық көрген.

Жиырма жеті баспа табақтан тұра­тын кітап Қазақстан Журна­листер одағының және Ха­лық­аралық «Алаш» әдеби сыйлық­­та­ры­ның лауреаты Абзал Бө­­­­­кеннің журналист-ау­дар­ма­шы Марал Хасенге арналған «Қай­ран аға» деген реквиемімен ашы­лып, одан әрі қаламгер ту­ра­лы өз­ге де әріптестерінің, жол­дас­тары мен туған-туыс­та­ры­ның естеліктері топтастырыл­ған.
Көптеген естеліктерде қай­та­­лана беретін «телегей-теңіз» де­­ген сөз тіркесі – кітаптың атауын айқындап берді, себебі, Ма­рал Хасен нақ сондай білім­дар журналист еді.
Сондай-ақ, кітапқа Марал­дың 60 және 70 жылдық ме­рей, жастарындағы журналистік қыз­метіне үлкен ілтипат көр­се­тіп, лебізін білдірген қалам­дас­та­рының, зиялы қауымның пі­кір­лері, жазылған кітаптарына бе­ріл­ген рецензиялар енгізілді.
Одан өзге, ертеректе жазылып, басылып шыққан кітап­та­рына ілікпей қалған материалдары және кейінгі аудармалары мен жазбаларын да осы кітаптан оқуға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір