«Төлеген Айбергенов поэзиясы және қазіргі заман»
2017 жылдың 10 наурызында көрнекті ақын Төлеген Айбергеновке арналған «Төлеген Айбергенов поэзиясы және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілмек.
Конференцияға Т.Айбергенов шығармашылығы мен өмірін зерттеп жүрген ғалымдар, әдебиеттанушылар мен сыншылар қатыса алады. Конференция жинағы баспадан шығарылады және авторларға тегін таратылады.Конференцияға қатысу үшін баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасын (баспа түрінде – мақаланың 2 данасын және электронды түрінде дискте) өткізу қажет. Материал электронды пошта арқылы жолданғанда «Тақырып» бөлімінде: «Қазақстан Жазушылар одағына» деп, баяндамашының тегімен қоса жіберілуін сұраймыз. Сондай-ақ, мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетіліп, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, бірінші автордың атымен аталуы керек.
Баяндама материалдары мен тіркеу формасы 2017 жылдың
20 ақпанға дейін қабылданады. Талапқа сай емес толтырылған және ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кеш өткізілген мақалалар жинаққа енгізілмейді. Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды. Одан өзге, баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы, тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы, кестелердің, схемалар, суреттердің тақырыбы көрсетілуі, Windows-та терілген болуы қажет. Баяндама мәтінінің әрбір бетінің параметрлері (жоғарғы – 2 см, төменгі –
2 см, оң – 1,5 см, сол – 2,5 см.Шрифт: Times new Roman, кегль – 12. Жоларалық: 1 интервалмен, Жаңа жол: 0,9 см.Сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘОЖ (УДК) индексі қойылады) шартқа сәйкес келуі тиіс.
Баяндаманы пошта арқылы мына мекен-жайға жіберуге болады:
050000. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абылай хан даңғылы, 105 үй.
Ғылым бөлімі. Қайырнисаға (конференцияға) деп көрсетілсін.
Телефондар: 8 775 846 37 35
E-mail: Nissa_70@mail.ru
Ұйымдастыру комитеті.