ҚАЛЫҢ КІТАПТЫҢ КІШКЕНТАЙ ҒАНА БӨЛІГІ
20.01.2017
1750
1

Рафат ӘБДІҒҰЛОВ


2016 жылдың соңына қарай «Жібек жолы» баспасынан Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің «Времен связующая нить» атты кітабы шықты. Қайта-қайта кітабын шығара беруге анық құмар емес автордың өзі өз боп шығарған ең көлемді кітабы осы. Соның өзінде бар жазғаны емес, таңдамалысы.

Көшпелі өркениет табиғаты, та­рихы, мәдени байланыстар, ұлт­тық әдебиеттер мәселелері, заманауи саяси процестер, философия­лық, эстетикалық терең ғылыми тол­ғамдар, баяндамалар, эсселер, жол­жазбалар, күнделіктер, заман­дас­тары туралы ойлары, инте­р­вью­лері кітапқа кірген шығармалардың бірқатары ғана. Кітапты оқығанда асығыстық жүрмейді. Үнемі тосын, те­рең ойларға алаңдап тосыла бе­ре­сің. Кітап қазақ ғылымына, қо­ғам­дық ойына қосылған зор үлес, жаңа леп. Кітап туралы шолып ай­тып шығудың өзіне кітап жазып шы­ғу керек. Соның өзінде арнайы тал­ғамы бар мамандар тобы керек бо­лар.
Бұл мақалада Мұрат Мұхтарұлы­ның бір қырына ғана, көркемдік қол­таңбасына, оның ішінде күн­де­лігіне, «Мақат» деп берілген 1970 жыл­дың 11 желтоқсаны мен 29 жел­тоқ­саны аралығында жазған күн­делігіне ғана тоқталсақ.
1965 жылы МГУ-дің  жанындағы Шығыстану институтын, 1969 жы­лы СССР Әлем әдебиеті институты­ның аспирантурасын бітіріп келіп Қа­зақ ССР Философия институтына қызметке тұрған Мұрат Мұх­тар­ұлы аяқ астынан жұмысын тастап Гурьев жаққа, Мақатқа кетіп барады. Шығарып салғандар Сәтімжан мен Асқар. Сәтімжан Санбаевтың әке-шешесінің үйіне бармақ. Күн­делік­тің бірінші күнінде «Түсіне-мін – енді маған барлық ресми ме­кемелерге жол жабық. Комсомол, партия, мемлекет менің бұл кеті­сімді ке­шіре қоймайды» деп жазыпты. Жас ғалым жүйемен, жүйе­нің бір бөл­шегімен конфликтіге келген сияқ­ты.
Күнделікті оқу барысында Мұ­рат Мұхтарұлының көркемдік, бел­летристикалық  дарыны бар еке­ніне анық көзің жетеді. «Из Нового Ма­ката пешком прошел до Старого …Женщина-карлица, утопая в грязи и весело попискивая, проводила в 1ый аул, где живут Санбаевы… Си­жу на перевернутом ведре. Кругом бескрайняя все же степь. На го­ризонте, вдали плавная линия хол­мов… У горизонта зависло солн­це. Тишина взошла. Все замер­ло, только синь высот продолжала собранно и деловито наливаться густотой». Осындай суреттемелер, көр­кем пейзаждар отыз бет шама­сын­дағы күнделіктің өн бойында кез­десіп отырады. Дәл, анық, үнем­ді суреттерде авторлық стиль анық байқалады, қалып­тасқан қолтаңба деп айтуға болады.
«У горизонта зависло солнце. Тишина взошла. Все замерло, только синь высот продолжала собранно и деловито наливаться густотой. Отчетливо, не больно для глаз, открылся взору солнечный диск, и уви­дел я лицо нашего чужого бога», – дегендей күрделене түскен, автор­дың ішкі ойын ашуға қызмет ете бастаған мысалдар да жиі кездеседі. Күн­делікте Сәтімжанның әке-ше­шесінің дәл, нақты портреттері жа­­­салған. Аз сөзбен жетпістегі Хам­­­заның танымды образы беріл­ген. Тік жүретін, тік мінезді, пен­де­­­ліктен ада, кеңестік дәуірдің жақ­­сы мағынасындағы ауыл зиялы­сы. Хамза баласының кітаптарын, шығармашылық өсу жолын жіті қадағалап отырады. Бәрі ұнай бер­мейді. Негізінде ұлының орыс ті­лінде жазатыны. Баласының кіта­бын оқып отырғаны күнделіктің бір­неше жерінде айтылады. Аз сөз­бен, қысқа штрихтармен танымды көр­кем бейне жасалған. Ал Сәтім­жан­ның анасы толыққанды, көр­кем, реалды образ деңгейіне жеткен. Күнделікте жетпісті еңсеріп қал­ған Жәнияның әдемі, дәл порт­ре­ті бар: «У Жании малый размер обуви. Женственная, стройная. И в то же время – сильная, крепкая. Кос­ти рук широкие, широкая ладонь, крепкие большие пальцы. Ладони и пальцы в трещинах. Кожа твердая, плотная. Удивляюсь, как сумела заноза пробиться в ладонь. Я иглой долго не мог расковырять кожу, чтобы занозу вытащить – такая она была прочная, как кожа вер­блюда, из которой сделан тор­сық».
Мұрат Мұхтарұлының Мақатқа дейінгі өмірінің бес жылы Мәскеу мем­лекеттік университетінде, тағы үш жылы сонда аспирантурада, бір­неше айы Алматыда академия­лық институтта өтті. Енді біраз уа­қыты Мақаттан оншақты ша­қы­рым жердегі жалғыз бөлме (2х2) ша­ғын үйде, Хамза қарайтын объект-будкада өтпек. Мұнда 1970 жыл­дың 11 декабрінен – 24-не дейін болған. Мұрат қала өмірі бойы­на әбден сіңген 27-дегі жас жі­гіт. Күнделікті оқып отырып таң қа­ласың, жаңа жағдайға, бейтаныс тұр­мысқа соншалықты жатырқа­май, терең кісілікті мінезбен бірден сіңісіп кеткен. Мұрат табиғатында көшпелінің, номадтың тереңде жатқан тамырлы негізінің барын шығармашылығынан да, өмірінен де көріп жүрміз. Дала адамына, дала табиғатына, дала өміріне қа­тысты терең гармония осыдан өрбитін болар. Олжастың «Аз и Я» кітабында благонамеренный деген керемет сөз бар ғой. Дәл осы мінез, айналаға, адамдарға благонамеренно, ақ ниетпен, ақылды кешірімді­лік­пен қарау қасиеті осы күнделікте жас Мұраттың бойынан айқын кө­рінеді. Күнделіктен тағы бір үзінді кел­тірейік. Қазақшаласақ бар бояуын бере алмайтын сияқтымыз: «Сте­п­ной домик – один на Земле. Не­бо опрокинулось и нависло то­ль­ко над ним. Живут здесь старик со старухой и я. Ко мне протянулись нити Вселенной. Старики – бли­ки Человечества. Мужское и женс­кое начало. Несут в себе и детс­тво, и юность, и зрелость, и уга­сание. На Жание держится этот мир. Старик, овцы, верблюды и я – без нее обойтись не сможем. Хамза читает книгу сына и тяжело вз­ды­хает. Жания вздыхает, когда ус­тают руки ее и глаза. Временами вы­ходит из домика, оглядывает степь: видны ли овцы. Овцы бродят вда­ли, рядом с верблюдами – большие запятые и маленькие точки…».
Шағын көлемді күнделікте Жә­ния образы ашыла түседі, тереңдей бе­реді. Адам, кейіпкер жанының, пси­хологиясының терең қалта­рыс­тары аз көлемде болған мен өте жо­­ғары көркемдік деңгейде ашыл­ған. Бұра тартпаған, сәндемеген. «Ма­ған бұл сапар не берді? Бұл ту­ра­­лы айту әлі ертерек шығар. Басыма не келсе соны жаздым. Өзімді өзім алдағам жоқ. Хамза мен Жә­нияның аузынан көп нәрселерді ес­ті­дім (өте көп). Жақсы адамдар­дың жақсы өмірін көрдім (Узнал креп­кую жизнь крепких людей)» деп күнделіктің 24 декабрьге қа­тыс­ты жолдарында айтқан. Күн­де­лік­тің бір жерінде «Жәния жайында әңгіме жаза алар ма екем» десе, күнделіктің соңында алдағы өмі­ріне, жұмысына, шығармашы­лы­ғы­на қатысты жоспарының бір пунк­тінде «бегство – только в другие жанры (о Жание)» деп жазыпты.
Хамза мен Жәниядан көп әң­гі­ме­лер естідім дейді ғой. Ал сондай әң­гімелерді қабылдау әркімде әр түр­лі. Мұрат Мұхтарұлының қа­был­дау ерекшелігінде көркемдік қа­былдау, көркемдік қорыту мен сұрып­тау айқын байқалады.
Жәниялардан естіген Дәмір жай­лы бір әңгімесінің желісін Мұ­рат Мұхтарұлы күнделікке түсіріпті: «Бала – жетім. Шешесі татар. Әкесі – жер­гілікті оңбағандардың бірі. Әйе­лін емшектегі баласымен тас­тап кеткен. Әйел бақытсыздыққа ұшырайды. Аяғын қайырып алып ақсақ болып қалады. Бала детдомда өсті. 16 жасқа толғанда паспорт ала алмайды. Осы маңда әкесі бар деп Мақатқа келді. Әкесі одан бас тарт­ты. «Менің балам өлген. Менде бала жоқ.» Адамдар баланы Хамзаға жіберді. Бала олардың (Хамзаның) үйін­де тұрып қалды. Малға қарас­ты. Сәтімжан ауруханада (Ялтада) жатқан, Хамит әскерде болатын. Дәмір Нұханмен достасып, кіші қыз­дарға аға болды. Хамза оған пас­порт алып беріп, жұмысқа тұру­ға көмектесті. Дәмір айына 100 сом ала бастағанда әкесі оны өзіне ал­ды. Дәмір еңбекақысының бір бө­лігін шешесіне жібере бастағанда әкесі ашуланды. Дәмірді ұрып тас­та­ды. Ол қонатын үйсіз қалды. Сан­­баевтарға қайта баруға ұялды. Нұрхан оны алып келді. Қайтадан жақсы жұмысқа орналастырды. Бірде жазда шешесіне кетті. Ұзақ уақыт жоқ болып кетті. Шешесіне ең­беккүн тауып жүрді. Далада өрт­ке  тап болып күйіп қалды. Жұ­мыс­қа ал­мады. Әскерге алды. Сол­түс­тікте бол­ды. Жараларынан қан кетті, үйі­не қайтарды. Сә­тім­жанның кеңе­сімен милицияға тұрды. Ұзын си­рақты, бойы екі адам­дай. Үнемі әке­сіне барып тұра­ды. Ол оны сал­қын қабыл­дайды. Шешесіне барып тұ­рады. Үйленген жоқ. Жаралары жа­­­зылды. Сан­баев­тарға келіп тұра­ды. Оларға разы. Келіп «Іс бар ма?» деп сұрай­ды».
Жәниялар бұл тарихты, әрине өз­дерінше айтқан. Анағұрлым кө­лем­ді болу керек. Бұл Мұрат Мұх­тарұлы­ның өзіндік көркемдік қа­был­дауы. Сұмдық трагедиялық, реа­листік баян, керемет дайын сю­жет. Көлемді повест, тіпті романдық ма­териал.
Аз күнде Хамза мен Жәниядан көп­теген аңыз-әңгімелер естіп, бі­разын қысқаша күнделікке тү­сір­ген. Солардың бірі сорларда болатын «Мұнайдың иесі» Шимұрын ту­ралы. «Губит людей в сорах. Мучит. Следов не оставляет. Скот его ви­дит. Человек видит только длинную серую фигуру без рук, не идет, а скользит быстро-быстро по земле. Таким видела его Жания дважды. Однаж­ды направилась подоить верблюдицу. Была лунная ночь. Сза­ди шел ее нағашы. Вдруг прямо из-под ног поднялся долговязый се­рый человек и пошел перед ней, спрятался за верблюдицей. Та, обыч­но спокойная, взволновалась, прок­ричала. Жания шла и ругала се­рого неизвестного: «Это кто еще такой, не воровать ли вздумал!». Тот заскользил по траве. Пошла за ним. Ви­дит высоченный, выше столбов, быстро-быстро ускользает вдаль. Спро­сила у нағашы, видел ли тот. Да, видел. И не смог за вами идти. Отня­лись ноги. В Макате каждый год Шимұрын кого-нибудь убивает».
Осындай әңгімелерге жоға­ры­дан білімгерлікпен қарамай-ақ та­биғи қабылдайды. Олардың Ши­мұрын туралы әңгімелеріне сенемін дей­ді, сенгісі келеді. Шимұрын та­қы­рыбынан философиялық ойлар өрбітеді. Саналы өмірі өте үлкен қа­лада, ғылыми ортада өткен жас Мұрат Мұхтарұлы мүлдем ғалым­сын­байды, табиғаттың бел баласы қал­пын сақтайды. Бір жұмысында айт­қан «Говорить о непривычном при­вычными словами» деген ұста­нымынан айнымайды.
Күнделікте жас Мұраттың әкесі ту­ралы ең алғашқы дерлік пікірі бар: «Во время поездок на Иссык-Куль и загородных выездов я впитывал его манеру говорить, думать, ходить, и сами слова его проникали в душу мою. Не боготворил его. Никогда, пожалуй, не считал вполне своим. Кроме последних дней в Кунцево. Хорошая была перспектива: моя поездка по аулам и встречи с ним на Иссык-Куле».
Күнделікте «Жас тұлпар» жайлы осы жерден кейін бір айтып қалды да қайта оралмайды.
Комсомолдық, қоғамдық жұ­мыс­­ты қою керек. Лекциялардың, бел­сенділіктің керегі жоқ. Тек жұ­мыс – кітапханада, үйде. Аптасына бір күн достармен кездесу. Қалған уақыт-жұмыс, жұмыс, жұмыс. Көш­­пелілер туралы әдебиетті қа­рау. Мүмкіндігінше бәрін: фан­тас­тикалық, жалған, жау пиғылда бол­са да. Асанның өлеңдерін, Қор­қыт туралы кітапты, Абайдың өлең­дері мен қара сөздерін мұқият оқу. Зар-заман ақындарының шы­ғар­машылығымен жақынырақ танысу. Бұл Мақаттағы алғашқы аптада жазғандары.
Күнделіктегі мемлекет, партия ту­ралы ойларды оригиналынан бе­рейік: «Наше государство, во мно­гом, аппарат просто бесс­мыс­лен­­ный. Не уверен, что оно само себя по­нимает. Не уважаю это госу­дарство. Ненавидеть его не могу. Раз­ве можно ненавидеть нелепое?..
Партия – хорошо это или плохо?
Меня эта партия не интересует. Игра, не более. Играют в политику, во власть. На деле орган выяснения отношений между перезревшими детьми. И с этой функцией справи­ться не в состоянии. Не естественно. Не по природе. Партия в наших условиях – орава самых горластых, самых корыстных детей –
Нет, не так! Существует государство, существует партия.
Ну и господь с ними, пусть существуют. Кто-то когда-то дал им право на жизнь. Мне они не враги, хотя убить меня они не только могут, но и постараются как можно быстрее. Я им не враг. Я никому и ничему на свете не враг. Я – свой. Пусть все побудет как есть».
Бұл 1970 жыл. Сол жылдарды ғой «кемелденген социализм» деп ата­ғаны.
«Өзіне сұрақ қояды: Сен дәл қа­зір қазақтар егемендік ала сал­ғанын қалар ма едің? – мағынадағы сұрақ.
Қазір де, ешқашан да егемендікті сый­лап бере салмайды, ол үшін күре­седі, халық ерікті, еркін болу қа­білетін қалыптастырады.
Ұлттық намысты, адамдық н­а­м­ыс­ты жою. Орыс патшаларының отар­шылдық жоспарларын іске асыру. Біздің жерімізді, біздің бай­лығымызды олар біздің мақ­сат­тары­мыз үшін емес, өз мақсаттары үшін пайдаланады. Коммунизм – ың­ғайлы жарнама». Бұл 1970 жыл.
Алматыға қайтар алдында 1971 жылы январь айынан бастап өзін да­мыту жұмыстарымен айналысу жайында айтып «Қазақ тілін мең­геру. Арнайы дәптер бастап сөз тір­кестерін, қолданылу түрлерін, қа­зақ тіліндегі ойлау құрылым­да­рын түсіру.
Орыс тілімен жұмыс істеу. Ин­то­нациялар диапазонын кеңейту. Дәл, нақты, қатаң стиль. Сөздік қорын байыту. Бастысы – сөзді дәл қол­дану»  деп жазған. Күнделіктің соңына қарай алдағы жылдың мақ­саттарын айтып, пунктеп жоспар жасаған, өзіне мінездеме берген. Толс­той, Чеховтардың өздеріне бер­ген мінездемелері бар ғой. Со­лардың шағындау үлгісі сияқты. Қа­талдау жазған.
Өз-өзіне «бұл сапар не берді» деп сұрақ қояды. «Я возвращаюсь Му­ратом, в улучшенном несколько виде (ремонт, но не капитальный,)» – деп жауап береді. Жан жылуын да ая­маған, өздері тоңса да бар жылысын Мұраттың үстіне жапқан қа­рия­лар батасын алып «Денсаулық тіледім – басқа барлық байлық­та­рыңыз бар», – дедім. Адал дастар­хан­да­рыңызды ақтармын дедім тағы.
Қалың кітаптың кішкентай ға­на бөлігі, Мұрат Мұхтарұлының жас кезіндегі қолтаңбасы жайлы аз­дап қана айтылды.
Кітаптағы қазақтың қоғамдық, эсте­тикалық, философиялық ойын әлем­дік деңгейге көтерген іргелі жұ­мыстар жайлы маман талдаулар әсі­ресе қазақ тілінде керек-ақ.

ПІКІРЛЕР1
Қалдыгүл Жаныбаева 21.01.2017 | 15:03

Мақала авторына мың алғыс! Бұл Қалың кітапты мен жақында ғана оқып шықтым. Мұрат Мұxтарұлының бұл кітабы Басқа жұртты білмедім, жеке өзім үшін көптен бері аңсай күткен, талай сұрақтарыңа жауап берген, талай сұрақтардың бетін ашқан, талай жылдарға руxани азық болатын туынды екендігі сөзсіз. Мұрат ағаның күнделіктері жан-дүниеңді, ақыл-ой, санаңды серпілтеді

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір