ҚҰРМЕТТІ ҚАЛАМГЕРЛЕР!
20.01.2017
1570
0

Қазақстан Жазушылар одағында наурыз айының басында дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысына арналған жиын өтеді. Осыған байланысты  2016 жылы жарық көрген кітаптарыңызды 15 ақпаннан қалдырмай, Қазақстан Жазушылар одағына, 2 қабат, 25 бөлмеге әкеліп тапсыруларыңызды сұраймыз. Аймақтарда тұратын қаламгерлер  кітаптарын мына мекен-жай бойынша пошта арқылы жіберулері керек: 050000. Алматы қаласы, Абылай хан, 105 үй,  25 кабинет, Жұмашева Қайырниса (телефон: 272-62-93).


Қазақстан Жазушылар одағы Қазақстан Жазушылары анықтамалығы мен телефон анықтамалығын жаңартып, қайта шығаруды жоспарлап отыр. Осыған байланыс­ты ҚЖО мүшелерінен 1 наурызға дейін үй және қалта телефоны мен мекен-жайы туралы нақты мәліметті, өмірбаянын және 1 дана құжаттық, 1 дана шығармашылық суреттерін Nissa_70@mail.ru электронды поштасына салуларын сұраймыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір