Денсаулық – басты байлық
02.12.2016
2548
0

Бір кездері Рашид Нұғымановтың «Ине» киносы қазақ көрермені арасында біраз талас-тартыс туғызған еді. Дегенмен, режиссердің негізгі ойы қоғам дерті – нашақорлықты көрсету еді. Сондай бір көркем шығармаға сұранып тұрған тағы бір проблема – СПИД. Уақытында «Қара құрлық» – Африка мен шеткері аралдарда ғана таралған бұл дерт қазақ арасына да келіп жетіпті. Француз суретшісі Поль Гогенді жалмаған осынау бір вирус жөнінде мамандардан сұраған едік…

Әсел СЕЙСЕНҚОЖАҚЫЗЫ, дәрігер-иммунолог

Ұлт болып ұйысу үшін…

Соңғы жылдары Әлем жұрт­шы­лығының назары «ХХ ғасырдың оба­сы» аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне ау­ды. Қазірдің өзінде көптеген адам­ды жалмаған қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түк­пірінде күн сайын хабар берілу­де. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сон­дық­тан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті ту­ғызатын вирусты 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог
Л.Мон­танье тапты. Ал 1984 жылы аме­рикалық ғалым Р. Галло вирус­тың барлық қасиеттерін жан-жақ­ты тексеріп жариялады. Адам ағ­за­сы­на енетін ол дерт қанның лим­фоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық ап­паратына жабысып тез көбейе бас­тайды. Осының әсерінен клетка жарылып, одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің кү­нін­де ағзада иммунитет жетіс­пеу­ші­лік пайда болады. Бұл жасырын ке­зең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айрықша еске салатын жайт, осы жасырын кезең ке­зінде адам өзін аурумын деп есеп­­темейді. Бірақ ол өзімен қа­ты­настағы адамдарға жұқпалы ауру­дың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді.
СПИД нашақорлар пайдаланатын инесі арқылы жұғады. Маған: «СПИД-тен сақтану үшін не істеу ке­рек?» деген сұрақты көп адам қоя­ды. Мысалы: ішімдікке  әуестік, ток­сикомандық, шылым шегу сияқ­ты осындай заттардан аулақ бол­ған жөн. Ол ойды да, бойды да өсір­мейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір-жасыңды қыс­қар­та­ды. Ал дені мен жаны сау адам – қазына. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
ВИЧ қазақша АИТВ – яғни адам­дағы иммунитет тапшылығы ви­русы, жұқтырғандар және СПИД-пен ауыратындар саны өте жыл­дам көбеюде. Тіпті, бұл дерт ба­лаларға да жұғуда. Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД-тен қайтыс болған ата-аналардың жетім қалған
15 жас­қа дейінгі ұл-қыздарының са­ны 9 миллионға жеткен екен.
Соңғы деректерге сүйенсек, елі­міздегі ВИЧ жұқтырған азамат­тар­дың саны 900-ге жетті. Оның ішінде СПИД-пен ауыратындар саны – 25. Ал тек Алматыда ВИЧ жұқ­тырғандар саны – 38. СПИД ауруын тудыратын вирус – ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ана­ның құрсағында жатқан кезінде не­месе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы емізгенде жұғады. Кей­де СПИД вирусын жұқтырған адам­ның қанынан ем ретінде сау ба­лаға құйғанда да, бір рет қана қол­данатын инені қайталап қол­дану кезінде де жұғуы мүмкін.
«Ғасыр дертіне» айналған СПИД өршіп тұр. Баспасөз бе­тін­дегі жарияланған мәліметтерге сәй­кес, Қазақстанда ВИЧ инфек­ция­сын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД-ке ұшы­ра­ғанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.
Жұмыр жерді мекендеген ха­лық­тың сонау, ерте заманнан бері ай­тылып, ғасырлар бойы сұрып­та­лып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғиб­ратты сөздер адамзат баласының ден­саулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып дің­кесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрі­гердің тауып айтқан бір жылы сөзі та­маша қуат береді. Бүгіндері, ауру­ға шалдыққан адамдармен сөйл­е­сетін, олардың жандүниесіне үңі­летін психологиялық орта­лық­тар жоқ деуге болады. СПИД-ке шал­дыққандандың көбі өз-өзіне қол жұмсауда. Бұл да дерт!..
СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема. Ол тек ме­дициналық қана  емес, әлеумет­тік проб­лема. Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстан–2030» стратегиялық бағ­дарламасының 4 басылымында бар­ша жастарды салауатты өмір сал­тына шақырды. Себебі, ұлт бо­лып ұйысу үшін жан мен тәннің сау­лығы қажет.

Жанар АЛИЕВА,
дәрігер-нарколог

Вирустан сақтанудың жолы – екпе егу

ЖИТС (Жүре пайда болатын им­мундық тапшылық) – иммун­дық қуаттың әлсіреуінен соқтыра­тын жұқпалы ауру. Жыныс қа­ты­насы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен  соң ағза­ның қорғаныс шебі саналатын лим­фа жүйесін зақымдайтын аса қа­терлі ауру.
1984 жылы  американдық ғалым Р.Галло вирустың түрлерін жан-жақ­­­ты зерттеп, соны кітап етіп шы­­­ғарды. Содан бері біз осынау ви­рустардың адам үшін аса қауіпті екенін білеміз.
СПИД вирусы химиялық неме­се физикалақ әсерлерге өте тө­зім­сіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыз­дырса өледі. Сондықтан вирус бар зат қайнатылса, оның шыда­май­тыны анық. Әдеттегі ме­ди­ци­на­лық тәжірибеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, нат­рий және т.б. дезинфекциялық зат­тар СПИД вирусын оп-оңай жоқ қыл­дырады.
Вирус жұққан адамдардың 35-50%-ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қа­лады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын ін­деттің тиісті кезеңдеріне қарай әр ­түрлі белгілері болады. Жұққан сәт­тен бастап алғашқы белгілері пай­да бола бастағанға дейінгі уа­қыт – инкубациялық кезең. Ол 2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жыл­ға дейін созылады. Инфекция кей­де белгісіз түрде дамиды. Негі­зін­де науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шы­ғу сияқты жедел ауру белгілері пай­да болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандар саны 2000 жыл­дан кейін 40-50 миллионға жетуі ықтимал. Әдетте ЖИТС-пен қа­ла тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуалдық еркіндік, же­зөкшелік, гомосексуалдық, т.б. жай­лар себеп болады.
Вирус жұққан адам – вирус та­сымалдаушылар, ЖИТС-пен ауыр­ған адамдар инфекция жұқтыру көзі боп саналады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, әсіресе, вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.
Вирус көп мөлшерде қанда, спер­мада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
ЖИТС-пен ең көп науқас­тану­шы­лар АҚШ-та, Батыс Еуропа ел­­­дерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Ор­талық Африкада, Гаитиде тір­кел­ген. Вирус ТМД мемле­кет­те­рін­де, Жапония, Шығыс Араб елде­рін­де кездесе бастады. Баласы бар әйел­дердің арасында да ЖИТС-тың тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шал­дығуы жиілей түсті. Осыдан
3-4 жыл бұрын АИВ жұқтырған­дар­дың 70-75%-ы еркектер болса, бүгінде есірт­кі қолданушылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағ­дай­да ортақ шприц-инелерін пай­да­ланатын болғандықтан, бұл нау­қасқа шалдыққан ерлер мен әйел­дердің саны теңесті (50% асты). Мұн­дай жағдай балаларға ЖИТС жұқ­тыру қаупін күшейтіп отыр.
ЖИТС-пен ауырған адамдар – инфекция тасымалдаушылар. Еш­қандай ауру белгілері бай­қал­май­тындықтан, әсіресе, вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, шауһатта, қы­нап кілегейінде, емшек сүтінде бо­лады. Көз жасында, жұлын сұйы­ғында, сілекейде өте аз мөл­шер­де болуы мүмкін. Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып та­бы­ла­­ды. ЖИТС адамдарға 80% жағ­дайында осы жолмен, яғни гете­росексуальдық (еркек-әйел) және го­мосексуальдық (еркек-еркек) жы­ныстық қатынас кезінде жұ­ғады. Ең қауіптісі – гомосексуаль­дық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұқ­қан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топ­қа жезөкшелер де жатады. Парт­нерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін кү­шейтеді. ЖИТС-пен науқас­тану­шы­лық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық катынас­та болу әсіресе қауіпті. Жыныстық ин­фекциясы бар немесе бұрын ауыр­­ғандармен кездесу, етеккір ке­­зінде жыныстық катынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жа­қындасу ЖИТС жұқтыру каупін кү­шейте түседі. ЖИТС-тің вирус­тың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше алаң­дау­шылық туғызып отыр. Себебі, тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын ине­ле­рін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған не­месе вирус тасымалдаушы на­шақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалды­ғы­­мен сау адамның ағзасына тү­­се­­ді. Вирус аурулардың 20%-ына осын­­дай жолмен жұғады.
Әр түрлі инфекциялардан сақ­танудың ең тиімді тәсілі – екпе егу. Алайда, вакцина дайындау бағы­тын­да тыңғылықты зерттеулер жүр­гізіліп жатса да, ондай про­фи­лак­тикалық препарат алу әзірше қол­дан келмей отыр.
Тұрғындар арасында ЖИТС жө­нінде санитариялық-ағарту жұ­мыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай та­рай­тынын, одан қалай сақтану қа­жет екенін жетік білуі тиіс. Ан­-
г­лия­да осы бағытта жүргізілетін жұ­мыстарға мемлекет жылына
20 мил­­лион фунт стерлинг қаржы жұм­­сайды. Жалпы, халықты, әсі­ре­се балалар мен жастарды өне­ге­лілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес. Кез келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқ­пағандығын анықтау үшін Ал­матыда, Астанада, еліміздің бас­қа да ірі қалалары мен облыс ор­талықтарында ашылған лабо­ра­то­рияларға барып тексерілуіне бо­лады. Қазақстанда ЖИТС-пен күре­су жұмыстарын ұйымдастыру. ЖИТС – көп жағдайда өлімге алып ке­летін аса қатерлі вирустық дерт. Қа­зақстанда осы қауіпті ауруға қар­сы күрес жүргізу мақсатымен ма­мандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қа­ла­лық ЖИТС-ке қарсы күресу және ауру­дың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күн­делікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті бас­қарады. Бұл комитеттің ең бас­ты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқ­тырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйым­дастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдас­тыру­шы, тәсілдеуші және емдеуші ме­кемелер  ретінде жұмыс атқара­ды. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен  қорғану жөнінде жұ­мыс жүр­гізетін 20 орталық және 80 ла­бо­ра­тория бар. Қазақстан Рес­пуб­ли­касында 5 жылдың ішінде (1987-1991) 4 млн. 870 мың адам арнайы тек­серуден өтті. Аяғы ауыр әйел­дер­ді тексеру және өз атын жария­ла­май тексерілу жұмыстары кең түрде жүргізілуде. Әрбір облыс ор­талығыңда осындай тексеру жүр­­гізетін арнайы кабинет жаб­дық­талған және одан бұл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады. «ЖИТС (СПИД) ауруының ал­дын алу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, ке­шенді мәселе деп танылған. Оны ше­шуге  Денсаулық министрлігімен қа­тар басқа да министрліктер (Қар­жы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер, т.б.) қа­тысады, олардың  жұмысын  ҚР Ми­нистрлер Кабинеті жанынан құ­рылған Үйлестіру кеңесі бас­қа­ра­ды.

Әзірлеген
Ә.Уәлиханұлы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір