Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Ұлт рухының бастауы» атты тақырыпта өткен кезекті пленумының
ҚАУЛЫСЫ
1. а) Ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болған Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – жаңа тарих талаптарына сай жаңа тұрпатты заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының жеткен жетістігінің жарқын көрінісі;
ә) Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктер мен жеңісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей дана басшылығының, сондай-ақ осы кезең ішінде өз Президентіне әркез қолдау көрсетіп, тірек болып келе жатқан халқымыздың береке-бірлігінің нәтижесі деп бағалансын.
2. Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған, Қазақстан Республикасы Президентінің басылығымен 25 жылда жеткен жетістігіміз жан-жақты баяндалған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы – өте маңызды тарихи кезеңге арналған тарихи құжат деп танылсын.
3. Отандық мәдениетті сақтау мен дамыту жөніндегі кең ауқымды жұмыстың бастамасы болып табылатын «Мәдени мұра» бағдарламасымен ұштастырыла көркем әдебиетті дамытудың жаңа мүмкіндіктері іздестіріліп, Мәңгілік Ел идеясына қызмет ететін тиісті іс-шараларды қолға алу Жазушылар одағының басқармасы мен оның хатшылығына жүктелсін.
29 қараша, 2016 жыл.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.