Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Ұлт рухының бастауы» атты тақырыпта өткен кезекті пленумына қатысушылардың барша қаламгерлерге арнаған
02.12.2016
1142
0

ҮНДЕУІ

Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі халқы­мыз­дың аса зор құндылықтарының бірі екендігі сөзсіз. Өз тәуелс­іздігінің 25 жылы, яғни ширек ғасыр мерзімі ішінде Қазақстан саяси тұрақты, экономикасы жүйелі түрде да­мыған, әлеуметтік прогрестің экономикалық еркін­діктері мен идеалдарын қатар өрістетіп, қоғам мен оның әрбір мүшесінің әл-ауқатының артуына жағдай жасаған мемлекет ретінде қалыптасты.
1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Парламенті «Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­титуциялық заң қабылдап, еліміздің қуатты және пәр­менді мемлекет құру арманын заң жүзінде бекітіп, ай­ғақтаған болатын. Содан бері Қазақстан күрмеуі қиын, салмағы зілмауыр сан түрлі саяси-экономикалық тарихи сынақтардан абыройлы өтіп, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Еліміз қазір «Қазақстан – 2050» Стратегиясы бойынша әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды алдына мақсат етіп қойып отыр. Елбасының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары еліміздегі және әлемдегі қаржы дағдарысына қарамастан республика көлемінде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде.
«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан ынтымақтастық пен бей­бітшіліктің еуроазиялық көпіріне айналды. Тәуел­сізді­гіміздің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында алғашқы болып, 2017-2018  жыл­дарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі бо­лып сайланды.
Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістеріміз аз емес. Таяуда ғана Елбасы қаламынан туған «Ұлы Дала ұлағаттары» атты жаңа туынды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойына лайықты тарту болды. Өткен 25 жыл ішіндегі әдеби-мәдени өміріміздегі өзгерістер мен қазақ руханиятына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық­тарға шолу жасай келіп, Мемлекет басшысы аталмыш еңбегінде: «Осы кезеңде әдебиетте рухани  жаңғыру, ұлттық түлеу, халықтық қасиеттер қапысыз бой көрсетті. Әрине, бұл өрлеуден өнердің басқа салалары да қағыс қалған жоқ. Бірақ әдебиет алда жүрді, алдыңғы шептің айбаты да, қайраты ба бола білді», – деп атап көрсетті. Бұл сөз өнерін кие тұтқан барша қалам қайраткерлеріне берілген әділ баға, үлкен сенім деп білеміз.
Адамзат өркениетінің ұлы көшінде Тәуелсіз Қазақстан да салқар керуенін салтанатты түрде сапқа қосып келеді. Қазақстан халқы қабылдаған «Мәңгілік Ел» Патриоттық  актісі күллі қазақстандықтарды біріктіруші құжатқа айналды. Осы орайда әдебиетшілердің де негізгі мақсаты – ең қымбат қазынамыз – Тәуелсіз Қазақстанды көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа аманаттауға, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қастерлеуге рухани тұрғыда үлес қосу.
Қазақстан Жазушылар одағы үстіміздегі жылдың 23 қара­шасында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын күллі қалам­гер­лер қауымының көңілінен шыққан тарихи маңызы зор құжат деп бағалайды.
Барша қаламгерлерді Тәуелсіздік табыстарын, хал­қымыздың бірлігін, ынтымағын нығайтуға бағыт­талған ру­хани шараларды біріге насихаттауға, Мәңгілік Ел идея­сын ту ететін жаңа шығармалар тудыруға ша­қыра­мыз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Еліміздің көк байрағы бейбіт аспанымызда мәңгі жел­бі­рей берсін!

29 қараша,
2016 жыл.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір