Мемлекеттік сыйлық берілді
30 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Онда былай делінген:
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы:
1) Авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға – «Мәңгілік Ел» монументі үшін;
2) жазушы Бексұлтан Нұржекеевке – «Әй, дүние-ай» романы үшін;
3) авторлар ұжымына: Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмаділдаұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға – «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін;
4) суретші Камиль Муллашевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін берілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев.
Астана, Ақорда.