Тәжин – президент әкімшілігінде
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Марат Тәжин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін де 2002-2006 жылдары президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, бірнеше жыл президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы секілді аса жауапты тұтқаларды ұстаған, 2014 жылдың ақпанынан бастап осы күнге дейін Ресей Федерациясында Төтенше және өкілетті елші қызметтерін атқарып келген еді.
Марат Мұханбетқазыұлы саяси қайраткерлер қатарының алдыңғы легінен көптен бері көрініп, қалып ұстамы өзгеше үлгіде танылған оны руханият саласы өкілдері шын ниеттес тілекпен қабылдап, жаңа қызметте халыққа еңбек етудің жанкешті әдетінен жаңылмағанын қалайды.