Болашаққа сенім, жастарға жалын…
25.11.2016
1452
0

«Ұлы дала ұлағаттары» атты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін толқымай, тебіренбей, жүректі кернеген мақтанышпен, болашаққа деген сеніммен оқымау мүмкін емес.

Ел тарихының өт­кені, бүгіні және болашағына талдау жасай отырып, Елбасы жас ұрпаққа ел Егемендігінің оңай жолмен келмегенін және оны сақтап қалудың сара жолын көрсетіп отыр. «Ұлы дала ұла­ғат­тары» – жеңістің күші әр­дайым бірлікте екенін дәлелдей келе, алдағы уақытта ұлт мүддесі үшін отансүйгіштік, ұлтжан­ды­лық қасиеттерді ту етіп, бір мақ­сат пен бір мүдде арқылы биік жеңістерге жететінімізді жас буы­нға аманат етіп тапсырған туынды.
«Елімізге бойына ата – баба­мыз­дың ел мен жерге деген сүйіс­пеншілік қасиеті дарыған, еге­мен елге аянбай қызмет ете­тін, ой – өрісі кең, алғыр да жү­рек­ті, сауатты да саламатты аза­маттар қажет. Өсер – жасқа өріс кең, өнеге мол. Өскелең ұр­пақ өзіне керекті өрісті білім мен ғылымнан табады. Ендеше, жақсыға, жаңаға ұмтылу керек. Туған тіліңді, халқыңның тарихын, салт – дәстүрін біл, зерделе, өміріңе үлгі тұт. Тәуел­сіз­дік­ке қызмет ету жолындағы ақы­лың мен қайратың адал мұ­рат, асқақ арманға толы болса, баратын жерің, шығатын төрің де биік болмақ.
Баяғы ертегіде айтылғандай, сол­ға тартса соқылдақ, оңға тарт­са омпылдақ, тура жүрсе төр­ге шығар  бағыт  айқын­дал­мақ. Сон­дықтан да жас ұрпақ тура жү­руге тиіс. Алдыңда арман тұр, ар­тыңда алашың тұр. «Өзге елге ба­рып сұлтан бол­ғанша, өз елің­де ұлтан бол» деген бабаның сөзі жүре­гіңнің төрінде, өреңнің өрін­де болсын».
Елбасының бұл еңбегін өсер жасқа айтылған ақыл, өркенді өсиет деп қабылдауға тиіспіз.
Жас ұрпаққа жүрекжарды сы­рын, ақыл ойын, қамқор­лық­пен айта келе, Нұрсұлтан Әбішұлы болашақтың тірегі жас­тар екенін тағы да бір дәлел­дейді.
«Бұл ғасыр – ең алдымен, жас­тардың ғасыры. Жаңа мың­жылдықта Қазақстанның бай­рағы биік, табысы ерен, қор­ғаны берік болады деп сенеміз. Се­німнің сергектігі – еліңнің ер­жет­кені. Ол – біздің бақыты­мыз. Елдің бақыты».
Қазақстанның білім мен ғы­лымының қара шаңырағы, әлем­дік білім кеңістігінде өзінің же­тістігімен алдыңғы қатарда оры­ны бар әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің «Экономика және бизнес жоғары мектебі» ұжымы Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» еңбегін студенттік конференцияда талдап, бұл еңбекті өз болашағының бағдаршамы деп қабылдады. «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз», «Ұлы даланың еркесіміз» – деп тебіренді жастарымыз.
«Ұлы дала ұлағаттары» Қа­зақ­стан азаматының жанына ру­х­ани жігер беретін, өткенді ұмыт­пау, болашаққа сенім, жа­ны­на жалын құятын асыл мұра.

Б.Ж.Ермекбаева,
Экономика және бизнес
 Жоғары мектебінің деканы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір